Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақтың жиені

Қазақтың жиені

Мәдениет 01.05.2024, 04:19 1,081
Қазақтың жиені
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Әрбір ұлтқа өз діни наным-сенімін ұстанып, өз тілінде сөйлеп, атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүрін сақтауға жағдай жасалған. Бірақ қазақ топырағында туып, қазақы ортада өсіп-өнген өзге этнос өкілдерінің арасында қазақша мақалдап сөйлеп, өлеңдерді жатқа оқып, тек қазақ тілінде сөйлеп жүргендер көп емес. Бүгін біз қазақшасы тап-таза Мустафаев Анар Мехти-оглы туралы айтатын боламыз.


Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты  №11 мекемесінде   абыройлы қызмет  етіп жүрген Анар Мехти-оглы Грузия жерінде, Дманинский ауданында дүниеге келген. Әкесі – әзірбайжан, анасы –қазақ, Қызылорда қаласының тумасы. 
Алматы қаласындағы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын заңтану мамандығы бойынша және магистратурасын бітірген. Анар Мехти-оглы қазақ тілінде білім алған. Сондықтан еркін сөйлейді. Тіл тұрғысында өткен талай жарысқа қатысып, топ жарған азамат. Алғашқы еңбек жолын өз қалауымен қылмыстық атқару жүйесінен, яғни Алматы облысы бойынша ЛА-155/18 колониясында Режим және күзет бөлімінің бақылаушысы болып бастаған. 2015-2017 жылдар аралығында ЛА-155/8 мекемесінің тәрбие бөлімінде тәрбиеші маман болып қызмет атқарды. Одан 2017-2020 жылдары ЛА-155/6 түзеу мекемесінде тәрбиеші және теолог-маман болып еңбек етті. Ал қазір №11 мекемесінде, яғни жасөспірімдер колониясында Режим және күзет бөлімінің, мекеме бастығының кезекші көмекшісі деген абыройлы лауазымы бар.
Әділет майоры Анар Мустафаев бөліміндегі қызметкерлердің жүйелі, тыңғылықты, нақты жұмыс атқаруына ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да 13 жылдық тәжірбиесі бар азамат бүкіл ұжым алдында алдында беделді. Мекемеге жаңадан келген тыңдаушыларға да тәлімгер ретінде білгенімен бөлісіп, жол көрсетіп отырады.
Темірдей тәртіпке төселген әділет майоры мінсіз еңбегі үшін Қазақстан полициясының 30 жылдық мерекесінде ҚР-ның «Полиция» төсбелгісімен марапатталған. 
Әріптестері Анар Мехти-оглының бойынан үнемі жылы жүрек, нұрлы ақыл, ыстық қайрат көретінінін айтады. Үлгілі отағасы, мейірімді әке. Бір қыз, бір ұл  тәрбиелеп отыр. Балалары да қазақ тілінде еркін сөйлейді. Отбасында қазақы салт-дәстүрге де ерекше мән беріледі.
Қарапайым бақылаушыдан мекеме бастығының кезекші көмекшісіне дейінгі дәрежеге көтерілген азаматтың алар асуы әлі алда деп білеміз. Алматының тыныштығына, қауіпсіздігіне үлес қосып жүрген жігіттің өмір жолы, ұстанымы жастарға үлгі болары сөзсіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлт #тіл #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика