Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақтың бесік жыры ұнайды дейді ұйғыр қызы 

Қазақтың бесік жыры ұнайды дейді ұйғыр қызы 

Әлеумет 01.05.2025, 08:34 770
Қазақтың бесік жыры ұнайды дейді ұйғыр қызы 
Almaty-akshamy.kz

Жуырда Алматы технология және флористика колледжінде Наурыз мейрамы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы қатар аталып өтілді. Аталған колледжде 19 этностың өкілі білім алуда.  

Аталған іс-шара барысында студенттер әр ұлттың ұлттық киімін киіп, сол ұлттың өнерін көрсетті. Алматы технология және флористика колледжінің өнерлі студенттері әсем әннен шашу шашып, мың бұрала билесе, көршілес «Сән және мода дизайн» колледжінен студенттер арнайы келіп, күмбірлеген күймен кештің сәнін кіргізді. Мерекеге келген қонақтар мен ата-аналарға, студенттерге тегін көже таратылып, ыстық бауырсақ ұсынылды. Осынау ұлық мерекеге ұйғыр қызы Толунай Низамова да келген екен. Әңгімеге тарттық.

– Мен де осы кештің мейманы болғаныма қуаныштымын. Ұлтымның киімін киіп келдім. Талай этностың басын біріктіріп отырған осынау бейбіт елде өз тілімізді де, мәдениетімізді де ұмытпай, бәріміз ауызбіршілікпен өмір сүріп жатқанымыздың өзі үлкен жетістік. 

Қазақ пен ұйғыр халқының ұқсастығы өте көп. Ең бірінші ұқсастығымыз – мұсылманбыз. Одан кейінгі ұқсастығымыз – біз де үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді қатты ұстанамыз. Салт-дәстүрге берікпіз. Келіннің сәлем салуы, баланы қырқынан шығару, ұлды сүндетке отырғызу, бесік той, шілдехана, тұсаукесер салты да ұйғырларда бар. 

Маған қазақтың қызының артынан әкелетін қалыңмал дәстүрі ұнайды және өте дұрыс деп есептеймін. Бесік жыры, той жыры ұнайды. «Таспен атқанды аспен ат», «Бейнет түбі – зейнет» секілді нақыл сөздеріңіз мағыналы.

Біз қазақтан да, орыстан да келін алдық. Қандай ұлтпен құдаласақ та, тату-тәттіміз. Ең бірінші орынға сыйластықты қоямыз. Екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отырмыз. Бір немереміз бар. Бәрі қазақша біледі. Жұмыстан тыс уақытта спортпен айналысқанды ұнатамын, бассейнге барамын, тауға шығамын. Ән салып, би билейтін де өнерім бар. Өнер де ұлттарды бір-біріне жақындастырады деп білемін. 

Еліміздегі ең үлкен мегаполис – Алматыда тұру бақыты бұйырғанына қуаныштымын. Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемеде әділет капитанымын. Әріптестерім түгел қазақ. Ұжымда ауызбіршілік мол. Мен сотталған жасөспірімдердің еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторымын. Балалар колониясында жазасын өтеп жатқан жеткіншектердің жұмысын қадағалаймын. Оларды адал еңбекке баулимыз. Тапқан азын-аулақ табысын үйіне жіберуіне, отбасын қуантуына дәнекер боламыз. Олардың да қоғамға керек екенін сезіндіру, өмірге деген құштарлығын жоғалтып алмай, жақсы күндерден үмітін үзбеуі үшін қолдау көрсетіп отырамыз. Біз үшін барлық бала – ортақ. Олар осы жерден аяғын жаза басқан қателігін түсініп, жақсы азамат болып, бізге алғысын айтып шығып жатса, біз үшін үлкен мәртебе сол, – дейді Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекеме қызметкері әділет капитаны Толунай Низамова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Толунай Низамова #Қазақ #ұйғыр #Достық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика