AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанның үздік оқытушылары алты миллион теңгед...

Қазақстанның үздік оқытушылары алты миллион теңгеден сыйақы алды

Әлеумет 30.12.2022, 07:33 973
Қазақстанның үздік оқытушылары алты миллион теңгеден сыйақы алды
Сурет: Antiplagiat-killer.kz

150 оқытушысы жеңімпаз атанды. 


«2022 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Қазақстандық 43 ЖОО-ның 150 оқытушысы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. .


Жеңіске жеткен оқытушылар 2000 АЕК көлемінде сыйақы алатын болады, бұл шамамен алты млн теңгені құрайды. Ақшалай ынталандырудан басқа «2022 жылғы жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпаздары төсбелгіге ие болады.


Конкурс жыл сайын оқытушы кәсібінің беделін арттыру және оларды одан әрі кәсіби дамытуға ынталандыру мақсатында өткізіледі.



«Конкурсқа еліміздің 71 жоғары оқу орнынан барлығы 775 үміткер қатысты. Конкурста электронды оқу ресурстарын, оқу материалдарын әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық журналдардағы ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы және т.б. сияқты көрсеткіштер, сондай - ақ үміткердің оқыту сапасы, оның бакалавриатта, магистратурада және докторантурада кадрлар даярлау жөніндегі еңбегі бағаланды», - деді Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.



Айта кетейік, конкурс ҚР ҒЖБМ ақпараттық жүйесінің базасында өтті, оның көмегімен қатысушылар барлық кезеңдердің ашықтығын бақылай алды. «2022 жылғы жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсына қатысу үшін өтінімдер мен құжаттар да электрондық форматта қабылданды. Бұл конкурсты өткізудің ашықтығын қамтамасыз етті. Сондай-ақ, комиссия құрамына ҮЕҰ, ЖОО қауымдастықтарының өкілдері және білім беру саласындағы сарапшылар енгізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Студент #байқау #конкурс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Бүгін 17:23

Қазақстандық дзюдошы Камила Берліқаш Grand Slam турнирінде күміс медаль алды

Бүгін 17:20

Ақтаулық оқушы табиғатты қорғау тақырыбында мульфильм жасап шығарды

Бүгін 17:16

Қазақстандық гимнастар Варнадағы Challenge Cup кезеңінде екі рет үздік бестікке енді

Бүгін 17:13

Ауыр атлеттер Мысырдағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Бүгін 17:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);