AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанның тұңғыш ғарышкері «Жас сарбаз» қозғалы...

Қазақстанның тұңғыш ғарышкері «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілерімен кездесті

Әлеумет 12.04.2022, 09:39 1,351
Қазақстанның тұңғыш ғарышкері «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілерімен кездесті
Сурет: Gov.kz

Тәрбиенің жақсы құралының бірі – үлгі-өнеге көрсету.


Ғарышкерлер күні қарсаңында Қазақстанның тұңғыш ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілерімен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өткен шараға Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы, авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов, «Жас сарбаз» қозғалысының төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев, елорданың жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров қатысты.


Тоқтар Әубәкіров жас патриоттарға өзінің ұшқыш боламын деген бала күнгі арманы, мақсатқа қол жеткізу үшін жұмсаған күш-жігері, ғарыш кемесімен ұшуы және жер орбитасында болған сәттері жөнінде әңгімелеп берді.



«Тәрбиенің жақсы құралының бірі – үлгі-өнеге көрсету. Балалар ерліктің, батылдықтың және еңбектің арқасында арманға қол жеткізген адамды көрді. Бұндай өнеге олардың есінде қалып, арманына айналады, болашағына жол сілтейді. Менің ойымша, ересектердің міндеті – өскелең ұрпақпен жиі кездесу, оларға үлгі-өнеге көрсету, балаларды патриотизмге баулу, оларға дұрыс жолды таңдауға көмектесу», – деп атап өтті жастармен кездесуден кейін қазақстандық тұңғыш ғарышкер.



Жас патриоттар Тоқтар Әубәкіровке жылы лебіздерін білдіріп, «Жас сарбаз» қозғалысының символы өрнектелген жейде мен бас киім тарту етті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ғарышкер #Тоқтар Әубәкіров #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «БАЛА ӘЛЕМІ» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті

Бүгін 20:20

Алматының медициналық ұйымдарында Балаларды қорғау күніне орай 400-ге жуық бала құттықталды

Бүгін 19:11

Зейнолла Ыдырысов Challenge Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды

Бүгін 18:25

Бибісара Асаубаева Norway Chess Women-де тағы көшбасшы болды

Бүгін 18:22

Алматының «Шығыс қақпасы» полиорталығында бірегей қоғамдық кеңістік құру жоспарланып отыр

Бүгін 18:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);