Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстанның қасиетті сулары елордаға жеткізіледі

Қазақстанның қасиетті сулары елордаға жеткізіледі

Спорт 05.09.2024, 08:42 1,388
Қазақстанның қасиетті сулары елордаға жеткізіледі
Сурет: Gov.kz

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 6 қыркүйек күні Астанада театрландырылған қойылыммен «Бірлік керуені» салтанатты іс-шарасы өтеді.

«Бірлік керуені» – Қазақстанның 20 өңірінен республиканың барлық тұрғындарын біріктіретін және еліміздің бірлігі мен мәдени әралуандығы символына айналатын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бөлігі болып саналатын маңызды мәдени оқиға, деп хабарлайды aqshamnews.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 

«Бірлік керуені» іс-шарасы өткізілетін күні өңірлердің өкілдері басқаратын керуен – бұл спортшылар, қоғам қайраткерлері, түрлі облыстардан келген өңірлердің батырлары Астанаға Қазақстанның қасиетті көздерінен су жеткізеді.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналатын су Астанадағы тайқазанда ойындардың ашылу күні қосылып, бірліктің басты символына айналады.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің әр өңірінің қасиетті бұлағында торсықты толтыру үшін су тартылған. Дәл осы су Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатының негізгі элементі болады.

Астанада су алу рәсімін өткізу үшін Есіл өзенінің көзі таңдалды. Есіл – елорданың басты су артериясы. Өзен бүкіл қала арқылы өтеді, Астананың көрікті жерлерінің бірі болып саналады.

Айта кетейік, ойындар ашылған күні киелі суға толы торсықтары бар түрлі өңірлерден келген батырлар құрамындағы керуен ойындардың ашылу салтанатына жарқын шерумен өтеді.

Өңірдің дәстүрлері мен стилистикасымен безендірілген керуен құрамында Астанаға су ыдысынан басқа, ойындардың мәдени бағдарламасына қатысатын шығармашылық ұжымдар жіберіледі.

«Бірлік керуені» өткізілетін күні «Royal Beats» барабаншылар ансамблі, «Жошы» тобы, сондай-ақ Қазақстанның басқа да әртістері концерттік бағдарлама ұсынады. Орындаушылар қатарында қазақстандық эстрада жұлдыздары: ARO, Қуандық Рахым, Маржан Арапбаева, Ғазизхан Шекербек, Ақбота Керімбекова, Ayree, Мирас Жүгінісов бар.

6 қыркүйек күні сағат 17:00-де ЭКСПО аумағында (сағат 16.00-ден бастап диджей ойнайды, сондай-ақ қатысушылар үшін викториналар өткізіледі) іс-шара ресми түрде басталады.

«Бірлік керуені» өткізілуіне байланысты сағат 13:00-ден 21:00-ге дейін Түркістан және Ақмешіт көшелеріндегі ЭКСПО маңындағы жолдардың бір бөлігін уақытша жабу жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бірлік керуені #қасиетті сулар #астана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Кеше 18:16

Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Кеше 18:01

Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Кеше 17:42

Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Кеше 17:32

Астанада Перизат Қайратқа тиесілі болған көлік аукционға қойылды

Кеше 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика