AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Лидия Кәден Құр...

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Лидия Кәден Құрылтай сайлауында дауыс берді

Құрылтай 23.08.2026, 11:12 249
Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Лидия Кәден Құрылтай сайлауында дауыс берді

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, театр және кино саласының белгілі актрисасы Лидия Кәден Құрылтай сайлауына қатысып, таңдау жасады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өнер иесі №101 сайлау учаскесіне келіп, дауыс беру арқылы азаматтық ұстанымын білдірді. Лидия Кәден мұндай маңызды саяси науқанға әр азаматтың белсенді қатысуы елдің болашағы үшін маңызды екенін атап өтті.

«Әрқайсымыздың дауысымыз маңызы деп білемін. Себебі біз елдің алдағы даму бағытына әсер ететін шешім қабылдаймыз. Құрылтайға кімдердің өкілдік ететіні де халықтың таңдауына байланысты. Еліміздің болашағы жарқын, халқымыздың берекесі мен бірлігі баянды болсын», – деді Лидия Кәден.

Актрисаның пікірінше, Құрылтай сайлауы азаматтардың ел өміріне араласуына және көзқарасын білдіруіне мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық-саяси науқан.

Сондай-ақ, Лидия Кәден жас буынның ел болашағына белсенді араласып, қоғамдағы өзгерістерге бей-жай қарамауы қажет екенін жеткізді. Оның айтуынша, елдің ертеңі әр азаматтың бүгінгі жауапты таңдауынан басталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Лидия Кәденова
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Бүгін 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);