AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Қазақстанның екі өңірінде тасжолдарда қозғалыс шек...

Қазақстанның екі өңірінде тасжолдарда қозғалыс шектелді

Мұны білген жөн 21.12.2025, 15:07 548 Сұлу
Қазақстанның екі өңірінде тасжолдарда қозғалыс шектелді
Сурет: rostov.kp.ru

Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты республикалық маңызы бар тасжолдарда қозғалыс шектелді. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының мәліметінше, 21 желтоқсан сағат 10:00-ден бастап жүк және қоғамдық көліктер үшін жол жабық, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Қай бағыттарда шектеу енгізілді?

Шығыс Қазақстан облысы:

"Өскемен - Риддер - РФ шекарасы" тасжолы: 15-105 шақырым аралығы (Белоусовка кентінен Риддер қаласына дейін).

"Өскемен - Семей" тасжолы: 10-103 шақырым аралығы (Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейін).

Абай облысы:

"Өскемен - Семей" тасжолы: 103-198 шақырым аралығы (ШҚО шекарасынан Семей қаласына дейін).

Жол қашан ашылады?

"ҚазАвтоЖол" өкілдерінің хабарлауынша, аталған бағыттардағы қозғалыс 2025 жылдың 22 желтоқсанында сағат 06:00-де қайта ашылады деп жоспарланып отыр.

Ескерту: Шектеу тек жүк көліктері мен қоғамдық көліктерге қатысты енгізілді. Алайда, жеңіл көлік жүргізушілеріне де абай болу және мүмкіндік болса, алыс сапарға шықпау ұсынылады.

Жүргізушілерге жолдың жай-күйін 1403 бірыңғай байланыс орталығы арқылы нақтылап алу қажеттігі ескертіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #ауа райы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Бүгін 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Бүгін 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Бүгін 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Бүгін 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);