Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы көшелері / Қазақстанның бірқатар өңірінде бұршақ пен дауыл кү...

Қазақстанның бірқатар өңірінде бұршақ пен дауыл күтіледі

Алматы көшелері 06.09.2025, 09:48 785
Қазақстанның бірқатар өңірінде бұршақ пен дауыл күтіледі
интернет

Сенбі күні еліміздің басым бөлігі циклондық әрекет пен атмосфералық фронттардың ықпалында болады, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеп.

Метеорологтардың мәліметінше, солтүстік-батыс өңірлерде жаңбырмен қатар найзағай күтіліп, бұршақ пен қатты жел соғуы мүмкін. Ал оңтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыста негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Солтүстік пен шығыста түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.

Сондай-ақ, Алматы, Ақтөбе, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде, Ақмола облысының батысы, орталығы және оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Атырау облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, сондай-ақ Шығыс Қазақстанда өрт қаупі жоғары болады.

Төтенше өрт қаупі Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Батыс Қазақстанның батысында, Алматы облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысы мен оңтүстігінде, Қостанайдың оңтүстік-батысында, Қарағандының оңтүстігінде, Ақтөбенің орталығы, шығысы мен оңтүстігінде және Ұлытау облысының шығысында сақталады.

Астана қаласында – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы +13…+15°С, күндіз +25…+27°С.

Алматыда – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 3-8 м/с. Түнде +15…+17°С, күндіз +31…+33°С.

Шымкентте – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 8-13 м/с. Түнде +16…+18°С, күндіз +34…+36°С.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда әйел полицейден қашқан ұлына көмектескен - видео

Бүгін 16:16

Ұлттық банк төрағасы қазақстандықтарға кеңес берді

Бүгін 15:45

Күрес түрлерінен Азия чемпионатына кімдер қатысады?

Бүгін 15:26

Атырауда әйел итті күрекпен аяусыз ұрған - видео

Бүгін 14:56

Қарт әкесін азаптаған ер адамға жаза күшейтілді

Бүгін 14:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика