AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанның бірнеше өңіріне ескерту жасалды

Қазақстанның бірнеше өңіріне ескерту жасалды

Әлеумет 10.02.2025, 08:04 771 yakiya
Қазақстанның бірнеше өңіріне ескерту жасалды
almaty-akshamy.kz

27 градусқа дейін аяз, бұрқасын мен тұман.

Дүйсенбіде Қазақстанның бірнеше өңіріне ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында, солтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. 

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын сақталады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, Мұғалжар ауданында екпіні 15-20 м/с.

Астанада кей уақыттарда тұман күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз кей уақытта екпіні 23 м/с. 

Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. қ.

Шымкентте күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман күтіледі. қ. 

Ұлытау облысының шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарда кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарда қатты аяз 25-27 градус күтіледі. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#аяз #бұрұасын #ауа райы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда бизнес нысандарынан шығатын зиянды қалдықтарға бақылау күшейтілді

Бүгін 15:28

Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы іске қосылады

Бүгін 15:25

Маусым айының алғашқы онкүндігінде III Архившілер конгресі өтеді.

Бүгін 15:19

Мемлекет басшысы дәстүрлі өнерді, әсіресе, жыр, терме, күй өнерін дамытуға ерекше мән беру қажет деп санайды

Бүгін 15:15

Президент ұлт руханиятына адал қызмет етіп жүрген мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше мән беріп отыратынын айтты

Бүгін 15:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);