Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанның әскери қызметшілері Тәжікстанның «Хар...

Қазақстанның әскери қызметшілері Тәжікстанның «Харбмайдон» полигонына барды

Әлеумет 16.10.2024, 09:46 824
Қазақстанның әскери қызметшілері Тәжікстанның «Харбмайдон» полигонына барды
ҚР Қорғаныс министрлігі

ҰҚШҰ-ның «Шекара-2024» оқу-жаттығуы басталғанға дейін мұнда Орталық Азия өңірінің жедел өрістету ұжымдық күштері қолбасшылығымен (ОАӨ ЖӨҰК) жедел жиын өтеді.

Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан қорғаныс ведомстволарының өкілдері және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Біріккен штабы офицерлерінің тобы қатысады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қазақстандық әскери контингентті Қарулы күштер Бас штабы Жедел жоспарлау департаменті бастығының орынбасары полковник Дәурен Абдулин басқару үстінде. Оның құрамында Талдықорғандағы Десанттық-шабуылдау әскерлері бригадасының әскери қызметшілері мен орталық аппараттың офицерлері бар.

Жиын басқару органдарының жедел құрамының жұмысын ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеуге, лауазымды тұлғалардың дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ «Шекара-2024» бірлескен оқу-жаттығуының белсенді кезеңінде Орталық азия өңірлеріндегі жедел өрістету ұжымдық күштерінің басшылығы мен штабын үйлестіруге бағытталған. 

Іс-шараға қатысушылар Орталық Азия өңіріндегі қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндерді талдаумен танысты. Оларға әуе шабуылына қарсы қорғаныс, радиоэлектрондық күрес, ҰҰА және оларға қарсы іс-қимыл күш-құралдарын қолдана отырып, жауынгерлік іс-қимылды ұйымдастыру және жүргізу бойынша практикалық ұсынымдар берілді. Қолбасшылық офицерлері сондай-ақ басқару құралдарының даму үрдістерімен, инженерлік әскерлердің, РХБҚ бөлімшелерінің күш-құралдарын қолдану ерекшеліктерімен, ОАӨ ЖӨҰК техникалық және тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастырумен танысты.

16 қазанда штабтық жаттығу өтеді, оның барысында қолбасшылық пен штаб офицерлері ҰҚШҰ-ға мүше елдің аумағына басып кірген заңсыз қарулы құралымдарды жою бойынша ОАӨ ЖӨҰК жауынгерлік іс-қимылдарын жоспарлау және дайындау мәселелерін пысықтайды.

ҰҚШҰ-ның «Шекара-2024» оқу-жаттығуы 17-21 қазан аралығында өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰҚШҰ #әскер #оқу-жаттығу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика