AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстанға каратэден тұңғыш алтын әкелген Мөлдір...

Қазақстанға каратэден тұңғыш алтын әкелген Мөлдір Жаңбырбайды министр қабылдады

Спорт 03.11.2023, 13:26 1,354
Қазақстанға каратэден тұңғыш алтын әкелген Мөлдір Жаңбырбайды министр қабылдады
Суреттер: Gov.kz

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Мажарстан астанасы Будапештте өткен WKF каратэден әлем чемпионатында еліміздің Көк Туын биікте желбіретіп, Қазақстанға тарихи алтын жүлдені сыйлаған Мөлдір Жаңбырбай мен әлем біріншілігінің қола жүлдегері Дидар Әмірәліні қабылдап, Президенттің арнайы алғыс хатын табыстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Туризм және спорт министрлігі сайтының мәліметінше, кездесу барысында министр спортшылардың әлем чемпионатындағы жетістіктерін жоғары бағалап, алдағы уақытта да ел намысы сыналатын маңызды турнирлерде табысты өнер көрсетуіне тілекші екенін жеткізді.




«Кейінгі жылдары елімізде каратэ спорты қарқынды дамып келе жатыр. Бұған сіздердің қосып жүрген үлестеріңіз орасан зор. Жуықта Қытайдың Ханчжоу қаласында ұйымдастырылған Жазғы Азия ойындарында екеуіңіз де жүлдегерлер қатарынан көрініп, жанкүйерлерді қуаныш пен шаттыққа бөледіңіздер. Енді міне, арада көп уақыт өтпей әлем біріншілігінде де тұғырдың ең биік сатысынан көріндіңіздер. Сіздерге алдағы уақытта да ел намысы сыналатын маңызды турнирлерде табыс тілеймін», - деді Ермек Маржықпаев.



Айта кетейік, Мажарстандағы әлем чемпионатының финалында Мөлдір Жаңбырбай (50 кг) италиялық Эрминия Перфеттоға еш мүмкіндік бермей, алтын тұғырға көтерілсе, 67 кг-ға дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Дидар Әмірәлі үшінші орын үшін өткен бәсекеде Иордания спортшысы Афиф Гаитті жеңіп, қола медальға қол жеткізген-ді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#каратэ #тұңғыш алтын #чемпион #Мөлдір жаңбырбай #министр #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 18:20

Алматыда Орталық Азиядағы ең биік таулы падел алаңы ашылды

Бүгін 18:02

Алматыда заңсыз салынған «Береке» базары сүрілді

Бүгін 17:57

Сенатта Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті

Бүгін 14:19

Абай университетінде талапкерлерді қабылдау науқаны басталды

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);