Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанға Беларусиядан әкелінетін импорт көлемі...

Қазақстанға Беларусиядан әкелінетін импорт көлемі өскен

Әлеумет 20.04.2022, 13:21 1,285
Қазақстанға Беларусиядан әкелінетін импорт көлемі өскен
Сурет: Inform.kz

Импорт 2%-ға өсіп, 105,5 млн АҚШ долларға жеткен.


Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-ақпанда 116,4 млн АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Сауда және интеграция министрлігіне cілтеме жасап.


Мамандардың мәліметі бойынша, екі ел арасындағы сауда айналым көрсеткіші өткен жылдың баламалы кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ға төмендеген.


Мәселен, 2022 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстаннан Беларуське экспорт 38,6%-ға төмендеп, 10,9 млн АҚШ долларын құрды.


Беларусь экспортының азаюы мынадай тауарлардың қысқаруына негізделеді: тас көмір 44,8%-ға немесе 2,8 млн АҚШ долларын, циклдік көмірсутектер 100%-ға немесе 2 млн АҚШ долларын, мұнай өнімдері 92,1%-ға немесе 1,5 млн АҚШ долларын, табиғи газ 100%-ға немесе 1,5 млн АҚШ долларын, таралмаған мақта талшығы 100%-ға немесе 1,4 млн АҚШ долларын құрады.


Сонымен қатар, ферроқорытпалар сияқты тауарларды жеткізудің өсуі байқалады - 3,4 есе немесе 1,3 млн АҚШ долларына, өңделмеген мырыш 2,3 есе немесе 815,6 мың АҚШ долларына өсті. Жүк автомобильдері 574 мың АҚШ долларын құрады, қоспаланбаған болаттан жасалған сым 16,9 есе немесе 281,9 мың АҚШ долларына өсті, қымбат емес металдардан жасалған тығындау және буып-түю керек-жарақтары 222,5 мың АҚШ долларын құрады.


Қазақстаннан Беларуське экспортталатын негізгі тауарлар: тас көмір 3,5 млн. АҚШ долларын (32% үлесімен), ферроқорытпалар 1,9 млн. АҚШ долларын (17,6%), өңделмеген мырыш 1,5 млн. АҚШ долларын (13,3%), жүк автомобильдері 574 мың АҚШ долларын (5,3%), қоспаланбаған болаттан жасалған сым 299,6 мың АҚШ долларын (2,7%), қоспаланбаған болаттан жасалған суықтай тапталған жазық илек 282,6 мың АҚШ долларын (2,6%),  электр аккумуляторлары 244,2 мың АҚШ долларын (2,2%), қымбат емес металдардан жасалған тығындау және буып-түю керек-жарақтары 222,5 мың АҚШ долларын (2%), күріш 220,5 мың АҚШ долларын (2%), қоюландырылған және құрғақ сүт пен кілегей 214,6 мың АҚШ долларын (2%) құрады.


Бұдан басқа, 2022 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстанға Беларусьтен импорт 2%-ға өсіп, 105,5 млн АҚШ долларын құрды.


Беларусьтен импорттың өсуі мынадай тауарларды әкелудің ұлғаюымен негізделеді: отыруға арналған жиһаз және оның бір бөлігі 9,5 есе немесе 10,8 млн АҚШ долларын, өзге жиһаз және оның бөліктері 3,4 есе немесе 8,6 млн АҚШ долларын, қоюландырылған және құрғақ сүт пен кілегей 88,4%-ға немесе 3,5 млн АҚШ долларын, жылжымалы құрам бөлігі 3,5 есе немесе 3 млн АҚШ долларын, сары май 3,8 есе немесе 1,3 млн АҚШ долларын, бөлшек сауда үшін өлшеніп салынған дәрілік заттар 96,6%-ға немесе 1,2 млн АҚШ долларын, жеңіл автомобильдер өсімі 4,1 есе немесе 1,2 млн. АҚШ долларын құрды.


Сонымен қатар, жас немесе тоңазытылған сиыр еті сияқты тауарлардың импорттық жеткізілімдері 92,5%-ға немесе 7,6 млн АҚШ долларын, тракторлар мен ершікті тартқыштар 57,2%-ға немесе 6,3 млн АҚШ долларын, автомобильдер мен тракторларға арналған бөлшектер мен керек-жарақтарды 62%-ға немесе 4,7 млн АҚШ долларын, жүк автомобильдері 98,9%-ға немесе 2,7 млн АҚШ долларын, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға және бастыруға арналған машиналар мен тетіктер 82,8%-ға немесе 2,3 млн АҚШ долларын құрды.


Қазақстанға Беларусьтен импорттың негізгі тауарлары мыналар болып табылады: өзге жиһаз және оның бөліктері 12,2 млн АҚШ долларын (11,6% үлесімен), отыруға арналған жиһаз және оның бір бөлігі 12,1 млн АҚШ долларын (11,4%), қоюландырылған және құрғақ сүт пен кілегей 7,5 млн АҚШ долларын (7,2%), тракторлар мен ершікті тартқыштар 4,7 млн АҚШ долларын (4,4%), жылжымалы құрам бөліктері 4,2 млн АҚШ долларын (3,9%), ірімшік және сүзбе 3,9 млн АҚШ долларын (3,7%), шұжықтар және еттен жасалған ұқсас өнімдер 3,7 млн АҚШ долларын (3,5%), автомобильдер мен тракторларға арналған бөлшектер мен керек-жарақтар 2,9 млн. АҚШ долларын құрады (2,7%).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сауда #Қазақстан #Белорусь
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Бүгін 10:24

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика