AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтарға 364 млрд теңгеден астам жәрдемақ...

Қазақстандықтарға 364 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

Әлеумет 16.11.2022, 05:32 904
Қазақстандықтарға 364 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді
Сурет: Alau.kz

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 8,4 млрд теңге бөлінді.


Осы жылдың 10 айында қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 364 млрд теңгеден астам қаражат төленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«2022 жылғы қазан айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 28,3 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 8,4 млрд теңге бөлінді», - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 530,8 мың, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 171,7 мың адамға жетті.


Мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адам санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.


2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, мүгедектігі бойынша төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 53 364 теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін жәрдемақы 48 877 теңгені құрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #көмек #бюджет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – жаңару мен бірліктің жарқын көрінісі: АМБК-дағы мерекелік үш күн

Бүгін 16:30

Алматыны дамыту: Президент қала әкіміне көлік және цифрландыру бағыттарын күшейтуді тапсырды

Бүгін 16:27

Алматыдағы мамандандырылған ХҚКО-ларда қызмет көрсету сапасы талқыланды

Бүгін 16:11

Талдықорғанда 62 жастағы әйел есірткі сақтап, таратты деген күдікпен ұсталды

Бүгін 15:53

Алматыда көпір астынан ер адамның мәйіті табылды

Бүгін 15:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика