AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтардың табысын арттыру бойынша қандай...

Қазақстандықтардың табысын арттыру бойынша қандай шаралар қабылданып жатыр?

Әлеумет 30.03.2022, 07:08 1,184
Қазақстандықтардың  табысын арттыру бойынша қандай шаралар қабылданып жатыр?
Сурет: Joblist.md

Үкімет арнайы бағдарлама әзірлейді.


Қазақстан Үкіметі мемлекет азаматтарының  табысын арттыру бойынша арнайы бағдарламыны жүзеге асыруды көздеп отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Еңбекмині халықтың табысын 2025 жылға дейін арттыру жөніндегі бағдарлама шеңберінде жаңа жұмыс орындарын құру, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, еңбек ресурстарының дағдыларын жетілдіру және жастарды кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізеді. Бағдарламаның 38 іс-шарасы Еңбекминінің қатысуымен іске асырылатын болады, оның 17-ін министрлік тікелей жүзеге асыратын болады», - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



Вице-министр халықтың табысын арттыру жөніндегі бағдарламада көзделген әрбір бағыт бойынша жүргізіліп жатқан және жоспарланып отырған жұмыс туралы егжей-тегжейлі айтып берді.


Бірінші. Жаңа жұмыс орындарын құру.


Фрилансерлер қызметін цифрлық форматқа көшіру мақсатында Еңбекмині «Платформалық жұмыспен қамту» электрондық сервисін әзірлейтін болады. Бұл өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың қызметін түрлі платформаларда оңай тіркеуге, қажетті мамандарды тез табуға, еңбек құқықтарын қорғауға және Тапсырыс берушілермен қарым-қатынасты ресми ресімдеуге мүмкіндік береді.


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квота 3 және 4 санат бойынша 4,7 мың адамға қысқартылды.


Бұл шаралар халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға және ішкі еңбек нарығын қорғауға мүмкіндік береді.


Екінші. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.


Еңбек нарығында арнайы тәсілдерді талап ететін бірнеше топты атап өтуге болады (жұмыссыз жастар және NEET санатындағы жастар, көпбалалы және табысы аз отбасылар, сондай-ақ мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар).


Осыған байланысты мемлекеттік және жеке дерекқорларды интеграциялау және олардан алынған ақпаратты талдау арқылы әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамтуға мұқтаж азаматтарды «Ерте анықтау жүйесін» енгізу жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #халық #народ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда VI Халықаралық I-CRAFT 2026 конференциясы өтті.

Бүгін 14:15

Жүгіру туризмі Алматыға миллиардтаған табыс әкеледі

Бүгін 14:07

Әрбір өңірдің үні естіледі – Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы жарияланды

Бүгін 13:19

Бесінші алтын! ММА шебері Еркінғали Бүркіталин - XX жазғы Азия ойындарының чемпионы

Бүгін 12:08

Атом энергетикасын дамытуда қауіпсіздікке басымдық беріледі

Бүгін 11:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);