AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтардың қаржылай сауаты биыл 39,02%-ды...

Қазақстандықтардың қаржылай сауаты биыл 39,02%-ды құрады

Әлеумет 24.11.2022, 10:25 1,124
Қазақстандықтардың қаржылай сауаты биыл 39,02%-ды құрады
Сурет: Almaty.tv

Бұл жаман нәтиже емес.


Мамандар қазақстандықтардың қаржылай сауаты көтеріліп келе жатқанын айтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz cілтеме жасап.


Биыл қаржылық мониторинг агенттігі әрекеті күмәнді 8,5 мың интернет ресурстың жұмысын бұғаттаған. Дегенмен, қазіргі таңда тіпті жоғары білімі бар, көз ашық азаматтардың өзі қаржы алаяқтарының алдауына түсіп жатады. Оған себеп - халықтың басым көпшілігі қаржылық қауіпсіздік дағдыларын білмейді. Бұл тенденция Қазақстанда ғана емес Еуропа мен Орталық Азия елдеріне де тән. Бұл туралы орталық коммуникациялық қызметінде өткен "Халықтың қаржылық қауіпсіздігі мен сауаттылығын арттыру туралы" брифингте қаржы мониторингі агенттігі, кадр жұмысы департаментінің директоры Нұрлан Адалиев мәлімдеді.


Ведомства өкілдері қаржылық қауіпсіздік дағдыларын мектеп қабырғасынан бастап қалыптастыру керек екенін айтады. Қазіргі таңда қаржылық қауіпсіздік бойынша 5-сыныптардан бастап модульді пән ретінде сабақ өтіледі.


Сондай-ақ, спикер қаржылық алаяқтықтың үдеуіне интернет арқылы ұсынылатын қаржылық өнімдердің саны жыл сайын артып, оған қол жеткізе алатын адамдардың жасарып бара жатуы ықпал еткеніне ерекше назар аударды. Өйткені елімізде балалар 10 жастан бастап-ақ банк картасын қолдана алады.



"Қазіргі таңда Қаржылық мониторинг агенттігі "Қаржы пирамидасы" секілді алаяқтық формасын құру мен жетекшілік етуге қарсы іс-қимыл механизмдерін іске қосып, жетілдірген. Қазір интернет арқылы алаяқтарға қаржы аудару  мүмкіндігін азайту үшін күмәнді сайттар мен әлеуметтік желілердегі аккаунттар анықталып, оларға тиым салынып жатыр. Тек осы жылы ғана  Қаржылық мониторинг агенттігі 8,5 мың осындай интернет ресурстың жұмысына тиым салды", - дейді Нұрлан Адалиев.



Сонымен қатар, оқушылар мен студенттердің бойында қаржылық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру үшін өңірлердегі Қаржылық мониторинг департаменттері мен орталық аппарат мамандары биылғы оқу жылында тұңғыш рет студенттер мен оқушыларға дәрістер өткізді. Онда банк карталары, интернет сауда, қаржы пирамидасы мен слудомания проблемасына қатысты ақпараттар берілді. Жыл басынан бері мұндай сабақтар 17 мыңнан астам оқушы мен студентті қамтыды. Мұндай лекциялар 300 мектеп, 34 ЖОО мен 40 колледжде оқылған.


Жалпы, қазақстандықтардың қаржылай сауаты көтеріліп келеді. Экономикалық даму және ықпалдастық ұйымының зерттеуінше биыл қаржылай сауат индексі 39,02%, былтыр ол көрсеткіш 39,52%-ды құраған еді.



 "Негізі аталған индекс бойынша орташа халықаралық индекс 40%-ды құрайды. Сондықтан, бұл жаман нәтиже емес", - дейді Нұрлан Адалиев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #қаржы #сауаттылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика