ffin.kz

Қазақстандықтардың еңбек құқығы жиі бұзылатыны анықталды

Қазақстандықтардың еңбек құқығы жиі бұзылатыны анықталды Сурет: Humanrights.gov.au

Құқықбұзушылықтардың 52,3%-ы еңбекті қорғау ережелерімен байланысты.


Үстіміздегі жылдың он айында, статистикалық дерек бойынша, Қазақстанда адам құқығына байланысты 873 қылмыстық іс тіркелген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштерге қарағанда 14,3%-ға аз болып отыр.


Себебі былтыр дәл осы уақытта 1000-ға жуық құқықбұзушылық тіркелген. Ресми мәліметке сәйкес, мұндай құқық бұзушылықтардың саны жылдан жылға азайып келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.


Өңірлік бөліністе тұлғаның конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарын бұзуға қатысты көп қылмыстық құқықбұзушылық Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді: өңірлердің әрқайсысында 90 жағдайдан, тиісінше бір жыл бұрынғыға қарағанда 6,2%-ға аз және 4,7%-ға артық.


Сондай-ақ, алғашқы үштікте Астана (84 жағдай, 26,3%-ға аз), Алматы (77 жағдай, 13,2%-ға көп) және Ақмола облысы (63 жағдай, 19,2%-ға аз) тұр. Мұндай құқықбұзушылықтардың ең азы Қызылорда облысында тіркелді: бір жыл бұрын 21, биыл 8 жағдай. Бұдан әрі Ұлытау және Жетісу облыстары: әр өңірде - 12 жағдайдан.


Барлық осындай құқық бұзушылықтардың 52,3%-ы еңбекті қорғау ережелерімен байланысты: 457 жағдай, жыл ішінде 22,1%-ға азайған. Осы санаттағы "танымал" құқықбұзушылықтардың арасында азаптау (197 жағдай, бір жыл бұрынғыдан 1,6 есе көп) және тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу (173 жағдай, жыл ішінде 33,2% азайған) бар.


Тағы 36 жағдай жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманы бұзуға, 6 жағдай еңбек заңнамасын бұзуға, 4 жағдай хат алмасу, телефон арқылы сөйлесу, пошта, телеграф немесе өзге де хабарламалар құпиясын заңсыз бұзу болып отыр.


Бұл ретте митингілер мен демонстрацияларды ұйымдастыруға және өткізуге кедергі жасау, ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу, журналистердің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау, сайлау құжаттарын бұрмалау сияқты баптар бойынша бірде-бір құқықбұзушылық тіркелген жоқ.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51