Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтар Skills Enbek-те Data Scientist бой...

Қазақстандықтар Skills Enbek-те Data Scientist бойынша тегін оқи алады

Әлеумет 16.05.2024, 12:07 614
Қазақстандықтар Skills Enbek-те Data Scientist бойынша тегін оқи алады
Cурет: Gov.kz

Enbek.kz электрондық еңбек биржасының экожүйесінің бөлігі болып табылатын Skills Enbek білім беру платформасында жаңадан бастаушылар мен оқуды жалғастыратын азаматтарға арналған тегін курстардың тізімі Data Science, Python, интернет-қауіпсіздік, product және HR-менеджмент курстарымен кеңейтілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жоба Covid-19 пандемиясына қарсы күресте Қазақстан үшін ынтымақтастық қорымен әріптестік аясында іске асырылды.

Бұл курстар мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылған, олардың ұзақтығы 72 сағатты құрайды. Курстарды аяқтағаннан кейін тыңдаушылар белгілі бір кәсіби салада белгілі бір цифрлық дағдыларды немесе қосымша құзыреттерді игереді деп жоспарлануда.

Осылайша «Data Scientist» курсы деректер ғылымының саласын игеруге ұмтылатындарға арналған. Курстың мақсаты – деректерді жинау, өңдеу, деректерді талдау және машиналық оқыту негіздерін қоса алғанда, Data Science негізгі аспектілерін жан-жақты түсінуді қамтамасыз ету.

«Жаңадан бастаушыларға арналған Python» курсы оны бастаушыларға арналған және Python тілінде бағдарламалауға кіріспе болып табылады. Курс Python синтаксисінің негіздерінен бастап мәліметтер базасымен жұмыс істеуге және объектіге бағытталған бағдарламалауға кіріспеге дейінгі көптеген тақырыптарды қамтиды.

«Интернет қауіпсіздігі бойынша маман» курсы интернет қауіпсіздігінің барлық негізгі тұжырымдамалардан бастап, цифрлық кеңістіктегі шабуыл және қорғаныс стратегияларына дейін негізгі аспектілерін қамтиды. Курстың мақсаты – әртүрлі салалардағы киберқауіптердің тиімді алдын алу, анықтау және оларға жауап беру үшін мамандар даярлау.

«Продакт-менеджер» курсы өнімді басқару саласында мансапты дамытуға ұмтылатындарға арналған. Бұл курс осы серпінді және сұранысқа ие салада табысты бастау үшін қажетті білім мен дағдыларды қамтиды.

«HR-менеджер» курсы HR саласындағы кәсіби жолын енді ғана бастағандар және персоналды басқару негіздерін меңгергісі келетіндер үшін арнайы әзірленген. Курс қажетті білім мен дағдыларды қамтамасыз етеді.

Естеріңізге сала кетейік, Skills Enbek қазақстандықтарға жаңа дағдыларды игеруге немесе қолданыстағыларын жетілдіруге мүмкіндік беретін түрлі салаларда тегін және ақылы курстардың кең спектрін ұсынады. Платформада барлығы 408 мыңнан астам қазақстандық тіркелді, оның 51 мыңнан астамы 2024 жылы тіркелген. Skills Enbek курстарының саны 488-ге жетті, оның 254-і тегін. 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап курстық оқыту Enbek мобильді қосымшасы арқылы қол жетімді, оны Google Play және App Store-дан жүктеуге болады.

Пайдаланушылар үшін дағдыларды игеру туралы сертификат беру көзделген, ол автоматты түрде Enbek.kz электрондық еңбек биржасындағы түйіндемеде көрсетіледі.
 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Skills Enbek #Data Science #тегін оқу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика