AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қазақстандықтар қартайып барады

Қазақстандықтар қартайып барады

Өмір-өзен 14.03.2023, 11:08 1,491
Қазақстандықтар қартайып барады
Сурет: Zhasalash.kz

Оның қоғам өміріне айтарлықтай әсері бар.


Халықтың жалпы санындағы егде жастағы адамдар үлесінің артуы көп елде байқалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ranking.kz порталына сілтеме жасап.


Әлемде әйелдердің өмір сүру ұзақтығы ер адамдарға қарағанда орта есеппен 5 жылға артық.


2022 жылдың басында Қазақстанда 65 жастан асқан әйелдердің үлесі 10,1%-ды құрады. Осы тұста он жыл бұрын бұл көрсеткіш тек 8,2% болғанын атап өткен жөн. 65 жастан асқан ер адамдар үлесі он жыл ішінде 4,8%-дан 6,1%-ға дейін артқан.


Зерттеуге сәйкес, халықтың қартаюы ХХІ ғасырдың негізгі үрдістерінің бірі болып отыр. Оның қоғам өміріне айтарлықтай әсері бар. Халықтың жалпы санындағы егде жастағы адамдар үлесінің артуы көп елде байқалады.



БҰҰ-ның болжамына сәйкес, алдағы онжылдықта дүние жүзінде 65 жастан асқан адамдар саны екі есе өседі. Яғни 2021 жылғы 761 миллионнан 2050 жылы 1,6 миллиардқа дейін жетеді. Ал, 80 жастан асқан адамдар саны одан да тез өседі.



БҰҰ болжамы бойынша Қазақстанда егде жастағы демографиялық жүктеме коэффициенті де артуы мүмкін. Егер былтыр бұл коэффициенттің мәні 12,9%-ды құраса, 2025 жылға қарай – 14,1%, 2030 жылға қарай – 15,9%, 2040 жылға қарай – 17,1%, 2050 жылға қарай 19%-болады.


Сарапшылардың айтуынша, бұл тенденция кезінде елдегі жинақтаушы зейнетақы жүйесі оңтайлы нұсқаның бірі болып қалмақ. Себебі бұл мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайтып қана қоймай, алдағы уақытта жиынтық зейнетақы мөлшерін де арттыра алады.


Жалпы, еліміз зейнетақымен қамсыздандырудың тарату жүйесінен жинақтаушы түріне 1998 жылдан бастап біртіндеп көше бастаған еді. Болашақта халықтың өмір сүру ұзақтығының артуы кезінде жинақтаушы жүйенің маңызы арта түспек.



Халықтың қартаюын ескере отырып, әлемде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшу үрдісі кең таралуда. Егер 2001 жылы тарату зейнетақы жүйесі активтерінің үлесі 62% болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 46%-ға дейін төмендеген. Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы жүйесі активтерінің үлесі 38%-дан 54%-ға артқан болатын.



Соңғы он жылда жинақтаушы құрамдас бөлігі бар зейнетақы қорының активтері жылына 9,0%-ға, таратушы зейнетақы қорының активтері жылына 4,8%-ға ғана ұлғайғаны байқалып отыр.


Жинақтаушы зейнетақы жүйесі бар елдердің қатарында АҚШ, Австралия, Дания, Швеция, Гонконг, Үндістан, Чили, Индонезия, Сингапур бар. Сарапшылар бұл жүйенің зейнетке шыққандардың лайықты өмір сүруінің ең жақсы кепілі деп бағалап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қарт #Жас #Зейнет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);