AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстандықтар Нью-Йоркте түрлі салада кәсіп ашып...

Қазақстандықтар Нью-Йоркте түрлі салада кәсіп ашып, белсенділік танытуда

Әлем 04.11.2022, 06:47 1,433
Қазақстандықтар Нью-Йоркте түрлі салада кәсіп ашып, белсенділік танытуда
Сурет: 24.kz

Нью-Йоркте қазақи нақыштағы бірнеше мейрамхана жұмыс істеп тұр.


Ол мұхиттың ар жағындағы отандастарымыз елдің дәмін сағынғанда баратын жер ғана емес, америкалықтардың да сүйікті орынына айналған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Фарида Ғаббасова осыдан төрт жыл бұрын бауырымен «Ағайындылар» деген шағын дәмхана бизнесін бастайды. Кейін кәсібі кеңейіп, Нью-Йорктегі ең бай аудан саналатын Манхэттанда қазақы нақыштағы екі мейрамхана ашқан. Мұнда түскі және кешкі уақыттарда америкалықтар жиі келеді. Оларға біздің қонақжайлық пен ұлттық тағамдар ұнайды.



«Оларға ешқандай қоспасы жоқ, үйдегідей дайындалған, ерекше табиғи тамақтың дәмі ұнайды», - дейді кәсіпкер Фарида Ғаббасова.



Қазақтың ұлттық тағамдарына ғана тән дәмін сақтау үшін кейбір қоспалар мен майларды Қазақстаннан алдырады екен. Ал америкалықтар жылқы жемейтіндіктен сиыр етінен шұжық жасайды. 



«Америкада жылқы етіне тыйым салынған. Біз де оған жауапкершілікпен қараймыз. Сондықтан қазының орынына сиыр етінен барынша ұқсатып жасауға тура келеді», - дейді кәсіпкер Фарида Ғаббасова.



Осылайша әйгілі Уолл-Стриттің маңында қазақстандықтар ашқан кәсіп өркендеп келеді. Ең бастысы талмай еңбек ету керек дейді. Мегополистің дамуына ат салысып жатқан жерлестеріміз туралы Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс та адамдығын айтты. Республика күнінде біздің байрақты көтеріп құттықтаған қала мэрі былай деді.



«Қаламыздағы қазақ қауымдастығы рухани бай, бизнесті дамытып жатқан, білімнің маңыздылығын түсінетін, ынтымақтастықтың күшіне сенетін азаматтар»,- дейді Нью-Йорк қаласының мэрі Эрик Адамс.



Қазақстан ғана емес, Орталық Азия елдерінің ас-суын ұсынатын мейрамханада қазір 30 адам жұмыс істейді. Әлемнің қай бұрышына барсаң да кезігетін түрік асханасы сияқты, біздің де ұлттық тағамдарды АҚШ-тың өзге штаттарында татып көруге болады. Кәсіпкер Техас, Флорида және Калифорнияны көздеп отыр. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мейрамхана #Нью-Йорк #қазақы нақыш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Бүгін 21:37

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Бүгін 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Бүгін 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Бүгін 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);