Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / Қазақстандықтар депозиттерде ұлттық валютаны таңда...

Қазақстандықтар депозиттерде ұлттық валютаны таңдай бастады: теңгенің үлесі рекордты 82%-ға жетті

Қаржы 26.11.2025, 15:48 326
Қазақстандықтар депозиттерде ұлттық валютаны таңдай бастады: теңгенің үлесі рекордты 82%-ға жетті
Сурет: istockphoto.com

Қазақстандағы бөлшек депозиттер көлемі 2025 жылдың қыркүйегінде 21,6 трлн теңгеге жетіп, бір жылда 19,9%-ға өсті. Жалпы депозиттер құрылымында халықтың салымдары 66,7%-ды құрады.

Ең маңызды өзгерістің бірі - теңге салымдарының үлесі алғаш рет 82%-ға дейін көтерілуі. Былтыр бұл көрсеткіш 80,4% болса, бес жыл бұрын - 55,4%, ал 10 жыл бұрын небәрі 19,5% болған.
Ұлттық валютадағы салымдар бір жылда 22,4%-ға өсіп, 17,7 трлн теңгеге жетті. Шетел валютасындағы депозиттер де аздап өсіп, 3,9 трлн теңгені құрады (+9,5%).

Қай өңірлерде депозит көп?

  • Алматы - 9 трлн теңгеден астам (42%)
  • Астана - 2,7 трлн теңге (12,5%)
  • Қарағанды облысы - 1,2 трлн теңге
  • Шымкент - 897 млрд теңге
  • Қостанай облысы - 894,3 млрд теңге

Ең аз салым жинаған өңірлер:

  • Ұлытау облысы - 140,5 млрд тг
  • Алматы облысы - 202,9 млрд тг
  • Жетісу облысы - 240,9 млрд тг

Барлық өңірлерде депозит көлемі артқан. Ең үлкен өсім Алматыда (+1,2 трлн тг) және Астанада (+618,6 млрд тг) тіркелді.

Қай аймақта теңгеге сенім жоғары?

  • Түркістан облысы - 97,1% (рекорд)
  • Алматы облысы - 94,4%
  • Солтүстік Қазақстан - 93,6%

Теңге үлесі 90%-дан асатын аймақтар қатарында: Абай, Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Жетісу, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бар.

Ең төмен көрсеткіштер:

  • Алматы - 74,2%
  • Астана - 79,1%

Жалпы, барлық өңірде ұлттық валютадағы салымның үлесі өскен. Тек Батыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш аздап төмендеді (87,3%-дан 86,4%-ға).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#депозит #теңге #Рекорд #үлес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласында ойын-сауық орындарының бірінің қызметін уақытша тоқтатты

Бүгін 10:30

Алматы – Астана тасжолында жылдамдықты өлшейтін құрылғылар орнатылды

Бүгін 10:21

Әбілхан Қастеевтің бұрын жарияланбаған суреттері шықты

Бүгін 10:00

Алматыда түзету орталығының қызметкері қамалды

Бүгін 09:33

Алматының эпидахуалы қандай?

Бүгін 09:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі