конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстандық жас робототехниктер FIRST LEGO League...

Қазақстандық жас робототехниктер FIRST LEGO League Asia Open Championship 2026 халықаралық чемпионатында жүлделі орынға ие болды

Білім және ғылым Бүгін 12:52 82
Қазақстандық жас робототехниктер FIRST LEGO League Asia Open Championship 2026 халықаралық чемпионатында жүлделі орынға ие болды

2026 жылғы 13–16 тамыз аралығында Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласында FIRST LEGO League Asia Open Championship 2026 халықаралық робототехника чемпионаты өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Халықаралық додаға әлемнің 25 елі мен аймағынан 375 команда қатысып, өздерінің робототехникалық жобалары мен инженерлік шешімдерін таныстырды.

Қазақстан атынан чемпионатқа еліміздің әр өңірінен 23 команда құрамында 140 жас робототехник қатысты. Қазақстандық командалар халықаралық чемпионатқа елімізде өткен республикалық іріктеу жарыстарының нәтижесінде жолдама алды. Аталған іріктеу жарыстарын USTEM Foundation Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Чемпионат Beijing Yanqi Lake International Convention & Exhibition Center халықаралық конгресс-көрме орталығында ұйымдастырылды. Қатысушылар FIRST LEGO League Explore және FIRST LEGO League Challenge санаттары бойынша бақ сынап, роботтарды бағдарламалау, инженерлік шешімдер әзірлеу және шығармашылық жобаларын қорғау бағыттарында өз шеберліктерін көрсетті.

Қазақстандық жас робототехниктер арасында Алматы қаласының Білім басқармасына қарасты «Оқушылар инновациялық шығармашылық орталығы» КМКҚ және №221 Жалпы білім беретін келешек мектебінің KazBots командасы да ел намысын қорғады. Құрамында 12–16 жас аралығындағы оқушылар бар команда FIRST LEGO League Challenge санатында 2-орынға ие болып, халықаралық деңгейде жоғары нәтиже көрсетті.

Қазақстандық командалар чемпионатта Астана және Алматы қалаларынан, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Жетісу, Қарағанды, Павлодар, Абай, Қызылорда және Ақмола облыстарынан жиналған жас робототехниктерден құралды.

KazBots командасының жүлделі нәтижесі — оқушылардың робототехника, инженерия, бағдарламалау және STEM бағыттарындағы білімдері мен шығармашылық қабілеттерінің жоғары деңгейін көрсетеді. Сонымен қатар бұл жетістік Алматы қаласындағы оқушылардың инновациялық және техникалық шығармашылығын дамыту бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесі болып табылады.

Халықаралық чемпионат жас робототехниктерге өз білімдері мен қабілеттерін әлемдік деңгейде сынауға, жаңа тәжірибе жинақтауға, заманауи инженерлік шешімдермен танысуға және шетелдік құрдастарымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

KazBots командасын халықаралық чемпионаттағы тамаша нәтижесімен құттықтаймыз! Жас робототехниктерге алдағы жарыстарда толағай табыс, жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#робототехника
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Food and Travel Алматының гастрономиялық әлеуетін зерттеп жатыр

Бүгін 12:46

Алматы құрылысшылары Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды

Бүгін 12:44

Қазақстандықтарға жаңа сервистер қолжетімді болады

Бүгін 12:11

Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты әуе рейстерінің саны өсті

Бүгін 12:05

Жұмыс орындары, экология, баспана және отандық өндіріс: партиялар 17 тамызда не туралы айтты?

Бүгін 11:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);