AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Уимблдон...

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Уимблдон жарысын жақсы бастады

Спорт 30.06.2022, 01:00 1,199
Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Уимблдон жарысын жақсы бастады
Сурет: Inform.kz

Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Қазақстандық теннисші пәкістандық Айсам Курешимен бірге бастапқы кездесуін аустралиялық Джеймс Дакворт – америкалық Маркос Хиронмен өткізді. Қазақстандық-пәкстандық жұп қарсыластарынан 6:3, 6:7 (10:12), 6:1, 6:2 есебімен басым түсті.


Екі жарым сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матч барысында Недовесов пен Куреши 7 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Олар үшінші айналымға шығу үшін бразилиялық Рафаэль Матос – испаниялық Давид Вега-Эрнандеспен таласады. Тағы бір қазақстандық Андрей Голубев украиналық Денис Молчановпен бірге алғашқы айналымда испаниялық Педро Мартинес Портеро – аустралиялық Джон-Патрик Смитке есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды – 3:6, 6:7 (1:7), 4:6. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның екінші айналымға өткенін, әлемде эйс жасаудан көш бастап келе жатқанын жазған болатынбыз.


Сондай-ақ Александр Бублик Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #теннис #Уимблдон турнирі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтарға тегін заң көмегі көрсетілуде

Бүгін 15:50

Алматыда Құрбан айт күндері тазалықты бақылауды күшейтеді

Бүгін 15:46

Алматыда Құрбан айтта 12 жерде ғана құрбан шалуға болады

Бүгін 15:44

Алматыдағы әлеуметтік кәсіпкерлерге 5 млн теңгеге дейін мемлекеттік қолдау көрсетіледі

Бүгін 14:52

1312 жедел желісі: алматылықтар кене шағуы мен вакцинация бойынша кеңес ала алады

Бүгін 14:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);