Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық теміржолшылар су тасқыны кезеңіне дай...

Қазақстандық теміржолшылар су тасқыны кезеңіне дайындалып жатыр

Әлеумет 22.02.2022, 10:35 1,293
Қазақстандық теміржолшылар су тасқыны кезеңіне дайындалып жатыр
Сурет: Gov.kz

Арнайы іс-шаралар кешені енгізілді.


Су басу қаупі бар аймақтардан адамдарды эвакуациялау үшін 1,6 мыңнан астам теміржол вагоны дайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Су тасқыны қаупінің уақтылы алдын алу және жою, сондай-ақ пойыздардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында ҚР ИИДМ темір жолдарды су тасқыны кезеңіне дайындау бойынша жұмыстар жүргізуде. Атап айтқанда, «ҚТЖ» ҰК бұйрығымен жолдар мен жол бойындағы теміржол нысандарын қорғау бойынша арнайы іс-шаралар кешені енгізілді», - делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 



Қазіргі уақытта көпірлер, құбырлар мен дренаждық құдықтардың тесіктерін қар мен мұздан тазарту, сондай-ақ тау және су бұрғыш арықтарды, науалар мен кюветтерді ашу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мамандар су қоймалары мен агротехникалық бөгеттердің жай-күйін тексереді, ТЖ бойынша облыстық бөлімшелермен өзара іс-қимыл алгоритмдері пысықталды. 



«Өткен жылдардың тәжірибесін талдау нәтижелері бойынша еліміздің барлық өңірлерінде 673 қауіпті орындардың тізбесі анықталды, оларды айналып өту жолдары ұйымдастырылды. Жауапты тұлғалар тәулік бойы кезекшілік етеді. Тасқын су өткен жағдайда су басу аймағынан азаматтарды эвакуациялау үшін локомотивтер және 1,6 мыңнан астам вагон дайындалды.  Арнайы техникалар – крандар, тракторлар мен бульдозерлер, 84 қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздарының дайындығы тұрақты», - деп хабарлады Қ.Өскенбаев. 



Министрдің ақпараты бойынша, жолдар мен теміржол құрылыстарын қорғау үшін 2 550 текше метр кесек тас және 9 мың кондициялық емес темір-бетон шпалдары дайындалған. Техника мен материалдардың дайындығы 100% құрайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#темір жол #Қазақстан #поезд
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика