конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстандық студенттер ЖИ негізінде 440-тан астам...

Қазақстандық студенттер ЖИ негізінде 440-тан астам жоба әзірледі

Білім және ғылым 08.07.2026, 18:42 166 yakiya
Қазақстандық студенттер ЖИ негізінде 440-тан астам жоба әзірледі

Қазақстанның жоғары оқу орындарында жасанды интеллект бағытындағы жобалар саны артып келеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бағдарламаның алғашқы кезеңінде студенттердің жасанды интеллект саласындағы білімін арттыруға басымдық берілсе, бүгінде олар нақты мәселелерді шешуге арналған өз жобаларын жасап жатыр. Қазіргі таңда жобаға еліміздегі 105 жоғары оқу орнынан 87 мыңнан астам студент пен 1 500-ден астам оқытушы қатысуда.

Ең көп жоба білім беру саласында әзірленген. Бүгінде оқу үдерісін жеңілдетуге, оқытудың сапасын арттыруға және әкімшілік жұмысты автоматтандыруға бағытталған 188 жоба іске қосылған. Бұл жоғары оқу орындарының тек маман даярлайтын емес, жаңа технологияларды әзірлейтін орталыққа айналып келе жатқанын көрсетеді.

Жобалардың бірқатары қазірдің өзінде тәжірибеде қолданылып жатыр. Соның бірі – Ұлттық тестілеу орталығы іске қосқан AI-Talapker чат-боты. Ол талапкерлерге ҰБТ мен жоғары оқу орындарына түсу мәселелері бойынша кеңес береді. Бүгінге дейін жүйе 69 мыңнан астам өтінішке жауап берген.

Ал Satbayev University әзірлеген жасанды интеллектіге негізделген онлайн бақылау жүйесі емтиханның ашық әрі әділ өтуіне көмектеседі. Бұл жүйені бүгінде шетелдік ұйымдар да пайдаланып отыр. Пайдаланушылар саны 180 мыңнан асты.

Сонымен қатар AlmaU университетінде тапсырмаларды тексеруді автоматтандыратын және студенттердің оқу үлгерімін бақылауға мүмкіндік беретін платформа енгізілсе, басқа жоғары оқу орындары да оқу үдерісін жеңілдететін жаңа цифрлық жүйелерді іске асыруда.

Жасанды интеллект ғылыми зерттеулерде де кеңінен қолданыла бастады. Мәселен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғылыми жобаларға берілетін өтінімдерді автоматты түрде саралайтын жүйені әзірлеп жатыр. Сондай-ақ, ғылыми кеңес мүшелеріне арналған интеллектуалды көмекші жасау жұмысы жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, мұндай жобалардың басым бөлігін студенттердің өздері әзірлеген. Соның арқасында олар тек жаңа технологияларды меңгеріп қана қоймай, нақты өмірде кездесетін мәселелерді шешуге тәжірибе жинақтап келеді.

Бағдарлама ұйымдастырушылары алдағы уақытта үздік жобалар арнайы қолдау бағдарламаларына қатысып, инвестиция тартып, толыққанды технологиялық өнім ретінде нарыққа шығатынын айтады. AI-Sana бастамасы Қазақстанда жасанды интеллект саласын дамытуға және білікті мамандарды даярлауға бағытталған маңызды жобалардың біріне айналып келеді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жасанды интеллект
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда әлемдік UBTECH компаниясының шетелдегі алғашқы робот зауыты салынады

Бүгін 18:10

Маңғыстауда төрт адамның өліміне себеп болған жүргізуші 5 жылға сотталды

Бүгін 17:19

Алматыда алдағы аптап ыстыққа байланысты көшелерде аэрация жұмыстары ұйымдастырылады

Бүгін 16:26

Алматыда Summer Relay кешкі жүгіру эстафетасына байланысты сенбі күні көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:08

Алматыда қала келбетін дизайн-код талаптарына сәйкестендіру жұмыстары басталады

Бүгін 15:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);