AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстандық спортшылар су спортынан Әлем кубогыны...

Қазақстандық спортшылар су спортынан Әлем кубогының суперфиналына қатысып жатыр

Спорт 20.05.2022, 08:11 1,556
Қазақстандық спортшылар су спортынан Әлем кубогының суперфиналына қатысып жатыр
Сурет: Gov.kz

Олар Грекияда бақ сынап жатыр.


Мамыр айының 20-22-сі күндері Грекия астанасы – Афи­нада су спор­­тынан әртістік жүзуден Әлем кубогының суперфиналы өтеді. «Спирос Луис» су спорты орталығында әлем мықтылары шеберлік бай­қа­сатын үздіктер қатарында Қазақстан құрамасының өкілдері де бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап. 


Мәдениет және спорт ми­нистр­­лігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының мәліметі бойынша, Әлем кубогында ел намысын Наргиза Болатова, Ай­герім Құрманғалиева, Ка­рина Абдулина, Ксения Мака­рова, Этери Какутия, Анна Павлецова, Юлия Рогалева, Валерия Стол­бунова, Жаклин Якимова, Жәния Жиенғазы, Арина Пушкина, Ясмин Тұя­қова, Карина Магру­пова, Дарина Валиуллина, Эдуард Ким қор­ғайды. Ұлттық құрама­ның бас бапкері – Әлия Каримова.


Айта кетейік, FINA-ның әр­тістік жүзуден Әлемдік се­риясы 4 кезеңнен тұрады. Ал­ғаш­қы жарыс 20 наурызда АҚШ пен Канадада виртуалды түрде өтсе, 2-кезеңнің жарыстарын Франция астанасы – Париж қабылдады. Ал 3-кезең 7-8 мамыр күндері Аус­тра­лияда виртуалды форматта өтті. Қазақстан құрамасы бұл бәсе­кеде екі жүлдеге қол жеткізді. Атап айтқанда, қыздар құрмасы командалық еркін бағдарламада Канада (84,8000 балл) мен Из­раильден (83,9333 балл) кейін үшінші орынға табан тіреп, қола медаль жеңіп алды. Құраманың «Моана» ани­мациялық филь­мі­-нің желі­сімен дайындаған «Вайана» бағдарламасына төрешілер 79,6000 ұпай берді. Ал еркін ком­бина­ция санатында Қазақстан спорт­шылары америкалық ком­по­зитор Брайан Сетцердің «Ма­ла­­генья» туындысына билеп, күміс медаль олжалады (79,4667 ұпай).


Әлем кубогының (4-кезең­нің) жалпы жүлде қоры – 257 000 АҚШ долларын құрайды. Афина төрінде жүзгіштер тағы 310 мың долларды сарапқа салады.


Грекияда өтетін бәсекенің ор­ны ерекше. Өйткені 17 мау­сымда Мажарстан астанасы – Будапештте су спорты түр­лерінен XIX әлем чем­пиона­тының шы­мылдығы түріледі. Яғни әлем біріншілі­гіне дейін іріктелген ең үздік атлеттер жүзу, дайвинг, су добы, әртістік жүзу мен ашық аспан астында суда жүзуден жүлдеге таласады. FINA күнтізбесіндегі осы шешуші жарыста спортшылар бар дайын­дығын пысықтай алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #су #жүзу #Кубок
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Кеше 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Кеше 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Кеше 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Кеше 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Кеше 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика