AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстандық профессор әлемдегі үздік ғалымдардың...

Қазақстандық профессор әлемдегі үздік ғалымдардың қатарында

Білім және ғылым 25.01.2023, 09:15 2,170
Қазақстандық  профессор әлемдегі үздік ғалымдардың қатарында
Cурет: Elorda.info

Ратбай Мырзақұлов – 400-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы.


Физика-математика ғылымдарының докторы Ратбай Мырзақұлов «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%» рейтингіне енді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Жыл сайынғы рейтингті Стэнфорд университетінің сарапшылары 2022 жылғы 3 қарашада жарияланған Elsevier ғылыми баспасының соңғы мәліметтеріне сәйкес құрастырған.


Стэнфорд университетінің зерттеушілері библиометриялық зерттеу негізінде жыл сайын әлемдегі ең үздік ғалымдардың рейтингін жасайды. Зерттеу екі дерекқордан тұрады.  Бірінші рейтингте өз мансабында жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалымдар көрсетілсе, ал екіншісінде соңғы жылда жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалымдар бар.


ЕҰУ профессоры Ратбай Мырзақұлов 2021 жылы ең көп сілтеме жасалған автор және өз мансабында әлемде жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалым ретінде қос тізімге де кірді.



Жұмыстарға сілтеме жасау әріптестердің ғылыми жұмыс нәтижелеріне жоғары баға бергенін көрсетеді. Менің астрофизика, гравитация, космология және солитон теориясындағы ғылыми еңбектерім жоғары дәйексөзге ие болды. Бұл жас ғалымдар үшін жақсы үлгі болады деп ойлаймын, - деп атап өтті Ратбай Мырзақұлов.



Сондай-ақ, 2021 жылғы үздік ғалымдар рейтингіне тағы екі қазақстандық ғалым Нұрлан Оразалин және Сәрсенбек Монтаев енді.


Номинанттар Scopus дерекқорындағы жарияланым белсенділігі мен авторлардың дәйексөздерінің жоғары көрсеткіштері бойынша таңдалды.


ЕҰУ профессоры Ратбай Мырзақұлов - университет жанындағы «Еуразия  халықаралық теориялық физика орталығы» ғылыми-зерттеу институтының директоры.


2022 жылы ғалым ғылыми жетістіктері үшін физика және астрономия бойынша халықаралық Scopus сыйлығына ие болды. Қазіргі уақытта профессор Ратбай Мырзақұловтың Scopus бойынша Хирш индексі 47-ге тең.


Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ратбай Мырзақұлов – 400-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы, 150-ден астам материалы импакт-факторы жоғары шетелдік журналдарда жарияланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Үздік ғалым #профессор #рейтинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);