Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада жеңімпаз болды

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада жеңімпаз болды Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Оған әлемнің 50 елінен 250-ден астам мектеп оқушылары қатысты.


Польшада астрономия және астрофизика (IOAA) бойынша 16-Халықаралық олимпиада аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қазақстан құрамасы жыл сайын "Бөбек" орталығының обсерваториясында оқу-жаттығулардан өтеді. Биылғы жылы біздің оқушылар халықаралық додада екі медаль жеңіп алды:


Күміс – Ахмаджон Табаров – Алматы қаласындағы НЗМ оқушысы,


Қола – Елубай Бекасыл – Алматы қаласындағы НЗМ оқушысы.


Астрономия және астрофизика бойынша халықаралық олимпиада жыл сайын әлемнің жоғары сынып оқушылары арасында өткізілетін жарыс. Мектеп оқушылары теориялық тапсырмаларды орындап, деректерді талдап, бақылаулар жүргізді.



IOAA-ның негізгі мақсаты - астрономия мен астрофизиканының танымалдылығын арттыру. Биыл байқауға әлемнің 50 елінен 250 қатысушы қатысты. Қазақстан құрамасы бұл олимпиадаға 2012 жылдан бері қатысып келеді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21