AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстандық оқушылар Еуропалық математикалық олим...

Қазақстандық оқушылар Еуропалық математикалық олимпиадада 100% нәтиже көрсетті

Білім және ғылым 17.04.2025, 15:21 919
Қазақстандық оқушылар Еуропалық математикалық олимпиадада 100% нәтиже көрсетті
Сурет: Gov.kz
Қазақстанның қыздар құрамасы Еуропалық математикалық олимпиадада (EGMO) үшінші жыл қатарынан дайындықтарының жоғары екенін дәлелдеп келеді.
 
Оқушылар төрт бірдей медаль иеленіп, еліміздің жас математиктер даярлаудағы әлеуетін тағы бір мәрте әлемге паш етті,  деп хабарлайды aqshamnews.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Биыл Приштина қаласында (Косово) өткен халықаралық байқауға әлемнің 52 елінен 219 оқушы қатысты. Қазақстан атынан төрт оқушы және екі жетекші қатысты.
 
Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының барлық қатысушылары жүлделі орындарға ие болды:
 
Юлия Катунина - күміс жүлдегер – Павлодар қаласындағы №8 дарынды балаларға арналған лицейінің 10 сынып оқушысы;
 
Арай Касенова – қола жүлдегер-Алматы қаласындағы «Haileybury Almaty» халықаралық мектебінің 11 сынып оқушысы;
 
Анар Дидарбекова – қола жүлдегер - Алматы қаласының №39 С.А.Ходжиков атындағы мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы;
 
Аружан Қайрат – қола жүлдегер-Алматы қаласының №39 С.А.Ходжиков атындағы мамандандырылған лицейінің 10 сынып оқушысы.
 
Қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиада алғаш рет 2012 жылы Ұлыбританияның Кембридж қаласында өткен болатын. Қазақстан құрамасы бұл беделді білім бәйгесіне 2017 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Осы уақыт аралығында еліміздің дарынды қыздары 3 алтын, 12 күміс, 15 қола медаль мен 4 Құрмет грамотасын иеленді.

 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#математика #Еуропалық олимпиада #қазақстандық оқушылар #100 пайыз нәтиже
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қанат Бозымбаев Атырау экологиясына қатысты мәселелерді жедел шешуді тапсырды

Кеше 21:31

Алматының Бостандық ауданын көркейтуге 3 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тартылды

Кеше 19:46

Бостандық ауданында жаңа скверлер мен жүргіншілер аллеялары салынып жатыр

Кеше 19:44

Бизнес, зауыттар мен тұрғын үй саны артты: Қазақстан жеті жылда қалай өзгерді?

Кеше 19:28

Қасым-Жомарт Тоқаев Astana AI Film Festival халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанатына қатысты

Кеше 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);