AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық оқушылар Дүниежүзілік гимназиадада 14...

Қазақстандық оқушылар Дүниежүзілік гимназиадада 14 медаль жеңіп алды

Әлеумет 19.05.2022, 07:38 1,055
Қазақстандық оқушылар Дүниежүзілік гимназиадада 14 медаль жеңіп алды
Сурет: Facebook.com

Қоржынында 8 алтын медаль бар. 


Қазақстандық оқушылар Дүниежүзілік гимназиадада 14 медаль жеңіп алды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.    



«Өткен аптада біз 250-ге жуық оқушымызды әуежайға барып Францияға шығарып салдық. Олар алғаш рет Дүниежүзілік гимназиадаға қатысып, әлемнің 70-ке жуық елінен келген құрдастарымен бақ сынасып жатыр. Жарыстың алғашқы 3 күнінде оқушыларымыз 14 медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама қоржынында 8 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль бар. Дзюдо, таеквондо және жүзу жарыстарына қатысушылар алтын, жеңіл атлеттер мен дзюдошылар күміс, сондай-ақ дзюдошылар мен таэквондошылар қола жүлдегер атанды», - деп жазды Асхат Аймағамбетов.



Министр барлық жеңімпазды лайықты жеңістерімен құттықтай отырып, әр медальдың еңбектің, табандылықтың, еңбекқорлық пен тәртіптің жемісі екенін атап өтті.



«Жақсы дайындық деңгейін көрсеткен мұғалімдеріңіз бен жаттықтырушыларыңызға, сондай-ақ қолдау көрсеткен ата-аналарыңызға алғыс айтамын. Әуежайдан шығарып салғанда сіздердің ұмтылыстарыңызды, талпыныстарыңызды байқадым. Алдағы ойындарда жеңістер тілеймін және туған жерде сіздерді асыға күтіп, барлығы жанкүйер болып отырғанын ұмытпаңыздар», - деді Асхат Аймағамбетов.



Ведомство басшысы Білім және ғылым министрлігі алдағы уақытта да Қазақстанды халықаралық деңгейде абыроймен таныту үшін оқушыларға жағдай жасауды жалғастыратынын айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Гимназиада #медаль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Бүгін 18:14

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Бүгін 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика