AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық министр итбалықтардың қырылу себебін...

Қазақстандық министр итбалықтардың қырылу себебін түсіндірді

Әлеумет 19.07.2022, 08:22 1,033
Қазақстандық министр итбалықтардың қырылу себебін түсіндірді
Сурет: Vetandlife.ru

Министрдің айтунша, 2021-2022 жылдың қысы жылы болды, бұл итбалықтар үшін қолайсыз.


ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев жыл басынан бері бірнеше рет тіркелген итбалықтардың қырылу себебіне қатысты зерттеу қорытындысымен таныстырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Жыл басынан бері Қаражамбас және Түпқараған түбегінің оңтүстік-батыс бөлігінен 220 итбалықтың өлексесі табылды. Өлекселер солтүстік және орта Каспий акваториясындағы дауыл мен солтүстік-батыс және батыстан соққан желдің әсерінен жағаға шығып қалған. Осы жағдайға байланысты біздің Балық шаруашылығы комитеті түрлі ғылыми ұйымдар және мемлекеттік құзырлы органдармен бірлесіп, зерттеу жұмысын жүргізе келе, келесі қорытындыға келді. Табылған итбалық өлекселері ыдырап кеткендіктен, сараптама алу мүмкін болмады. Соған қарағанда, теңіз жануарлары бірнеше ай бұрын өлген», - деді Серікқали Брекешев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 



Министрдің айтуынша, тек 67 өлген итбалықтың қаңқасына тексеру және өлшеу жүргізілді. 



«Олардың 25 пайызынан немесе 17 итбалық өлексесінен өлімге алып келуі мүмкін механикалық әсер іздері анықталды. Оған себеп итбалықтардың балық аулау торларына түсіп қалуы, олардың түрлі жарақат алуы немесе итбалықтардың тыйым салынған аулау құралдарына тап болуы мүмкін», - дейді ол. 



Зерттеу нәтижесінде 19 итбалықтың жасын анықтау мүмкін болған. Атап айтқанда, олардың 52 пайызы немесе 10 итбалық 2021-2022 жылдың қысында туған. 



«Итбалық күшіктерінің өлімін олардың әлсіздігімен, суық судан қатып қалуымен яғни жаңа туған итбалықтардың бірден ашық мұзды теңізге шығуымен байланыстырып отыр. 2021-2022 жылдың қысы жылы болды, бұл итбалықтар үшін қолайсыз. Жоғарыда аталған фактілер олардың табиғи өліміне әкелді. Жалпы табылған итбалықтардың ересек жасы 13 жыл. Барлық өлексе тексеруден соң санитарлық нормаларды сақтай отырып өңделді», - дейді С. Брекешев. 



Ведомство басшысы итбалықтар өлімінің тағы бір себебін Қашаған кен орнындағы тереңдету жұмысымен байланыстырып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#министр #Экология #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда британдық туристердің көлігі сорға батып қалды

Кеше 15:26

Алматыда Senat Open-2026 шахмат турнирінің ширек финалы басталды

Кеше 14:01

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Кеше 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Кеше 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Кеше 09:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);