AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық мамандар 96 миллион гектар жерді текс...

Қазақстандық мамандар 96 миллион гектар жерді тексерді

Әлеумет 07.02.2022, 09:07 1,348
Қазақстандық мамандар 96 миллион гектар жерді тексерді
Сурет: Fermer.blog

Осы арқылы жер құнарлылығының көрсеткіштерін анықтауға болады.


Ауыл шаруашылығының мамандары жердің сапасын анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың өзекті бағыттарының бірі ресурс үнемді егіншілікті дамытуды, жайылымдарды ұтымды пайдалануды, жайылымдарды суландыру және олардың тозуы мен шөлейттенуіне қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қарастырып жатыр», - делінген АШМ баспасөз қызметінің хабарламасында.



Жер ресурстарын ұтымды пайдалану ауыл шаруашылығында және тұтастай ел экономикасында үлкен маңызға ие. Ауыл шаруашылығында өнім алу жердің сапалық жағдайымен, оны пайдалану сипаты мен жағдайына тікелей байланысты.


Ведомство жүйелі негізде жерді топырақтық және геоботаникалық зерттеу жүргізеді. 2017 жылдан бастап 2021 жылға дейін 33 млн га алаңда ауқымды топырақ зерттеулері, 33 млн га алаңда геоботаникалық зерттеулер және 30 млн га алаңда топырақ бонитировкасы жүргізілді.


Жүргізілген жұмыстар қарашіріктің, жалпы фосфор мен азоттың, калий мен фосфордың жылжымалы қосылыстарының құрамын, қышқылдығын немесе сілтілігін, сортаңдануын, карбонаттығын, тұздануын және топырақтың механикалық құрамын (жер құнарлылығының көрсеткіштері) анықтауға мүмкіндік берді, оларды білу ауыл шаруашылығымен айналысу кезінде қажет.


Деректер негізінде арнайы аттестатталған зертханаларда жүргізілетін мұқият талдаулар негізінде әзірленген жерді ұтымды пайдалану үшін қажетті ұсынымдар қалыптастырылды.


Жерді ұтымды пайдалану жөніндегі ұсынымдар қамтылған түсіндірме жазбалары бар барлық материалдар мен деректер одан әрі пайдалану үшін тұрақты негізде облыстық және аудандық әкімдіктердің жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарына беріледі.


Жер ресурстарының өнімділігін сақтау, экожүйенің функциялары мен қызметтерін қолдау және қажеттіліктерді қанағаттандыру әлеуметтік-экономикалық міндет қана емес, сонымен қатар қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік болып табылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жер #Сапа #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

2 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:32

Тарихи жады және ядролық қарусыз әлем: Сенатор Б. Жексенбай Токиода Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаттарымен кездесті

Кеше 21:03

Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «БАЛА ӘЛЕМІ» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті

Кеше 20:20

Алматының медициналық ұйымдарында Балаларды қорғау күніне орай 400-ге жуық бала құттықталды

Кеше 19:11

Зейнолла Ыдырысов Challenge Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды

Кеше 18:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);