Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстандық дизайнер Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада о...

Қазақстандық дизайнер Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарының брендингін жасауға атсалысты

Әлем 28.02.2022, 09:31 1,821
Қазақстандық дизайнер Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарының брендингін жасауға атсалысты
Сурет: 24.kz

Қазақстандық дизайнер әлемдік брендтермен жұмыс істейді


 Рустам Садыров Қытайда он жылға жуық еңбек етіп келеді. Қазақстандық дизайнер Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарының брендингін және конькишілерге арналған медальдар мен мерейтойлық белгілерді жасауға атсалысты. Осы уақыт ішінде ол ірі қытайлық және халықаралық компаниялармен жұмыс істеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 



«Олимпиада комитетінің брендингі мен дизайнының негізгі идеясын кураторым, компания директорымен бірге әзірледім. Өзім жасаған ауқымды жұмыстың бірі – осыдан екі жыл бұрын өткен Олимпиада көрмесінің кіреберіс қақпасы. Көптеген нұсқаның ішінен менікі жеңіп шықты. Қақпаны мұз әлеміне кіргендей, ерекше сезім қалдыратындай етіп жасадым. Бірінші орынды, яғни алтын медальды бір ғана спортшы жеңе алады. Барлық топтамадан біз бір алтын жасадық», - деді инженер-әзірлеуші, дизайнер Рустам Садыров. 



Еңбек жолын туған жерде бастаған Рустам кейін Қытайға барып, сол елдің үлкен нарығында бағын сынап көруге бел буған. Жұмыс барысында әлемдік беделі бар технологиялық компаниялармен бірігіп жұмыс атқарған. Дизайнердің айтуынша, бүгінде автомобиль жасаудан басқа барлық дизайн түрін оқып, меңгеріп алған. Ендігі жоспары – өз тәжірибесін Отанында іске жарату.



«Қытайда өткен тоғыз жыл ішінде өмірім мүлдем басқа бағытқа бұрылды. Графикалық, өнеркәсіптік, көрмелік дизайндағы тәжірибемді ескере отырып, көптеген танымал брендпен жұмыс істедім. Өзімнің білім-тәжірибемді туған жерімде іске асырсам деймін. Қазақстанда талантты жастар өте көп. Facebook-та хат алмасып тұрамыз. Сұрақ-жауаптар да көп. Бір қызығы, қазір жастар өзін-өзі дамытуға көп көңіл бөледі», - дейді инженер-әзірлеуші, дизайнер Рустам Садыров. 



Рустам дизайн саласындағы әлемдік жаңалықтарды қалт жібермей, оларды оқып-зерттеп, өз шығармашылығында кеңінен қолданады. «Әлем үнемі өзгерісте. Білім – бұл негізгі база болса, ал үздіксіз өзін-өзі дамыту – табыстың кілті», – дейді қазақстандық дизайнер.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дизайнер #қазақстандық #әлемдік брендтер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі аяқталмаған құрылыс нысаны сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 18:01

Америкалық авто-саяхатшы әрі блогер Connor Қазақстанға тәнті болды

Бүгін 17:29

Алматыда Сәтбаев көшесінде жүргіншілерге арналған проекциялық жарықтандыру орнатылды

Бүгін 17:13

Қазақстандық құзға өрмелеушілер Азия чемпионатында өнер көрсетті

Бүгін 17:01

Алматыда жүргізушілер көліктерінің шығарындысын тегін тексеруден өткізді

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика