ffin.kz

Қазақстандық әскерилер Армия халықаралық ойындарына дайындала бастады

Қазақстандық әскерилер Армия халықаралық ойындарына дайындала бастады Сурет: Gov.kz

Бұл шараға ең мықты минаатқыш есептоптары қатысады.


Қазақстан әскерилері Армия халықаралық ойындарына дайындық жұмыстарын бастады. Бұл шара ақпан айының соңында аяқталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қарулы Күштерде 2022 жылғы Армия халықаралық ойындарына дайындық басталды. Полигондарда «Артиллериядан оқ ату шеберлері» конкурсына Қазақстан командасының құрамына кіретін әскери қызметшілерді іріктеу жүріп жатыр», - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында. 



Мамандардың айтуынша, байқауға ең мықты минаатқыш есептоптары қатысады.



«Кіл мықты әскери қызметшілерді іріктеу барлық кандидаттардың нормативтерді тапсырудағы кәсіби деңгейін жан-жақты бағалай отырып, мұқият жүргізілетін болады», – деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының артиллерия және зымыран әскерлерінің бастығы, полковник Тілек Серікпаев.



 Барлық өңірлік қолбасшылықтардың, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің минаатқыш бөлімшелерін қамтитын іріктеу кезеңі ақпан айының соңында аяқталады. Сәуірдің ортасында «Мәтібұлақ» полигонында артиллеристер конкурс кезеңдерінің ерекшеліктеріне қарай далалық жорыққа шығу сабақтарын жалғастырады.


 «Артиллериядан оқ ату шеберлері» конкурсы 2016 жылдан бері Қазақстанда тұрақты түрде өткізіліп келеді. Ел Қарулы Күштерінің командасы бұл сайыста жеңіс тұғырынан түскен емес.


Армия халықаралық ойындары – халықаралық әскери ынтымақтастық, тәжірибе алмасу шарасы ғана емес, сондай-ақ жауынгерлік даярлықтың жаңа форматында әскери қызметшілердің шеберлігін арттырудың тиімді құралы. Жауынгерлік машықты жетілдіру конкурстарға дайындық барысында және оның өткізу кезіндегі жарыстарда ғана емес, оқу-жауынгерлік іс-қимылдар да қажет.


2021 жылы Армия халықаралық ойындарының бағдарламасына 11 мемлекеттің аумағында өткен далалық, әуе және теңіз машығы бойынша 34 конкурс кірді. Қырықтан астам елдің әскери қызметшілері бағын сынаған сайыстардың 11-іне қатысқан Қазақстан Қарулы Күштерінің қоржынында екі алтын, бір күміс және сегіз қола медаль бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

00:22

22:14

21:21

20:18

20:12

20:10

20:10

20:01

19:41

18:59

18:49

18:42

18:40

18:26

18:26

18:25

18:24

18:22

17:46

17:45

17:18

17:15

17:01

16:52

16:42