Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандағы тергеулік журналистикадағы этикалық...

Қазақстандағы тергеулік журналистикадағы этикалық стандарттарды сақтау жағдайы

Әлеумет 11.01.2026, 14:13 189
Қазақстандағы тергеулік журналистикадағы этикалық стандарттарды сақтау жағдайы
Сурет: ашық дереккөз

Тергеулік журналистика қоғам үшін өзекті тақырыптарды зерттеп, сұрыпталған әрі дәлелді материалдарды ұсынады. Қазақстанда тергеулік журналистика университет қабырғасында оқытылып, бірқатар баспасөз агенттіктері бұл бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Соңғы жылдары аталған саланың қарқын ала бастауы медиакеңістіктегі оң үрдістердің бірі ретінде бағаланады. Бұл жұмыстар арқылы отандық медиаға жаңа серпін беріліп отыр.

Тергеулік журналистиканың толыққанды дамуына әсер ететін бірнеше фактор бар, олардың негізгілері – заңнама, құқықтық шектеулер, цензура және этикалық стандарттар. Қазіргі уақытқа дейін заңнама, цензура мен шектеулер мәселесі баспасөз беттерінде де, әлеуметтік желілерде де жиі қозғалып келеді. Этикалық стандарттарды сақтау мәселесі салыстырмалы түрде көлеңкеде қалып отыр. Халықаралық стандарттар мен әдебиеттер бар болғанымен, олар жергілікті жағдайды толық қамтымайды, себебі бұл еңбектерде Қазақстандағы тергеулік журналистиканың нақты мәселелері жан-жақты талданбайды. 

Сондықтан қазіргі Қазақстандағы тергеулік журналистикада этикалық стандарттардың сақталу деңгейі өзекті мәселе ретінде қарастырылуы тиіс. Этикалық стандарттар жазу барысында да, ақпаратты ауызша жеткізу кезінде де журналисті сауаттылыққа, кәсібилікке және жеке шекараны сақтауға жетелейді. Тергеулік журналистикада этикалық стандарттар құқықтық және моральдық қағидаттарға негізделеді, олар журналистикадағы объективтілік ұстанымының орнын айқындайды. Этикалық стандарттарды журналистика саласының негізгі құндылықтарының бірі деп атауға болады. Бұл жерде тек объективтілік қана емес, дәлдік, адалдық пен ашықтық, құпиялылықты сақтау, құқықтық және моральдық жауапкершілік принциптері де қамтылады. Мұның барлығы тергеулік журналистикадағы зерттеулердің салмағын арттырады. Этика стандарттары туралы түсінік медиа саласындағы әрбір қызметкерде қалыптасуы қажет, бұл талап тек журналистерге ғана қатысты емес. Тергеулік журналистикадағы этикалық стандарттарды сақтау мәселесіне келер болсақ, зерттеу материалдарын ұсынатын баспасөз құралдары агенттік, сайт, радио немесе газет форматында жұмыс істей алады. Бұл материалдарды дайындайтын – журналистер, ал этикалық стандарттарды сақтау олардың тікелей кәсіби міндеті болып саналады. Заң жүзінде цензураға тыйым салынғанымен, этикалық стандарттар талап ететін ашықтық пен ақпаратты бұрмаламау қағидаттары іс жүзінде толық сақтала бермейді және көп жағдайда формалды сипатта қалып қояды. Қысым мен заңнамалық қарама-қайшылықтар, ашықтық принципінің сақталмауы, ресурстардың жетіспеушілігі және фактіні зерттеу мәдениетінің әлсіздігі сияқты кедергілер тергеулік журналистиканың дамуын тежейді. Журналист толыққанды тергеуді тек фактіні жан-жақты зерттеу арқылы ғана ұсына алады, алайда кейбір материалдарда заңдық терминологияның дұрыс қолданылмауы байқалады, мысалы «күдікті» ұғымының орнына «қылмыскер» сөзінің қолданылуы кәсіби және этикалық қателік болып саналады. Бұл журналистер арасында базалық құқықтық білімнің жеткіліксіздігін көрсетеді. 

Тергеулік журналистикадағы сауаттылықты арттыру үшін жоғары оқу орындарында журналист мамандарын даярлау сапасын күшейту қажет, журналистика мамандығына тергеулік журналистика пәнін енгізу маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Аталған мәселелерді жүйелі түрде шешу арқылы тергеулік журналистикадағы этикалық стандарттардың сақталуын қалыпқа келтіруге болады. Базалық алғышарттарды ұсыну және оларды жүзеге асыру билік құрылымдарының құзыретінде болса да, этикалық стандарттарды сақтау тергеулік журналистиканың басты аспектісі әрі журналистика саласының іргелі құндылығы болып қала береді. Этикалық стандарттардың сақталмауы болашақ журналистердің кәсіби дамуына кері әсер етеді, бұл факторлар жұмыс барысында елеулі кедергілер туғызып, сапалы журналистиканың қалыптасуын тежейді. Ашықтық пен шындыққа негізделген, фактілерді бұрмаламайтын, тергеулері ашық, медиасы сауатты әрі кәсіби стандарттарға сай қоғам ғана нағыз журналистік жауапкершілікті қамтамасыз ете алады.

Дамушы Қазақстанның журналистері мына қоғамды ізденіс тапқысы келеді, цензурасыз, талқыға ашық, заңдар белгілі бір сұмдық оқиға негізінде күшке енбейтін (Салтанат мысалында), журналистиканы оқыту жүйесі қазіргі трансформацияға сай өзгерген, медисауатты, сонымен қатар Азаттық пен Factcheck платформалары сияқты зерттеу құралдарын тиімді пайдалана білетін қоғамда. Журналистика кәсіби деңгейге көтеріліп, стандартқа сай дамиды, жаңа медиа платформалардағы фактчекинг жобалары мен университеттегі зерттеу курстары журналистерді ізденуге үйретеді, жергілікті зерттеу агенттіктерінің ашық деректерін пайдалану кәсіби этика мен сауаттылықты нығайтады. 
  
Кәсібилікке ұмтылу, сауаттылықты арттыру және таза ақпаратқа негізделген дамыған қоғам құру – тергеулік журналистиканың басты мақсаты болуы тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тергеулік журналистика #Журналистика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas Stars» қалай өтті?

Кеше 22:45

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше 21:47

Алматыда Робо-DJ мен Робо-бишілердің қатысуымен референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті

Кеше 21:40

Солтанай Жәнібек: «15 наурыздағы референдум – азаматтық ұстанымым»

Кеше 21:34

Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы

Кеше 21:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі