Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандағы «Жас сарбаз» қозғалысы жас патриотта...

Қазақстандағы «Жас сарбаз» қозғалысы жас патриоттармен толықты

Әлеумет 19.09.2022, 05:28 1,379
Қазақстандағы «Жас сарбаз» қозғалысы жас патриоттармен толықты
Сурет: Gov.kz

30 оқушы салтанатты түрде ант берді.


Маңғыстау облысы Ақтау қаласының N22 орта мектебі мен мамандандырылған IT-лицейінің 30 оқушысы салтанатты түрде ант беріп, ресми түрде «Жас сарбаз» қозғалысының қатарына қосылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Салтанатты рәсім Каспий теңізінің жағалауында  өтті. Оған Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері, Қарулы Күштердің ардагерлері, қоғам өкілдері қатысты. 


Жасөспірім балалар қозғалысының қатарына қосылатындарға арнап әскери-теңіз базасының бастығы, 2-дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы, Қарулы Күштердің ардагері Қайрат Төлепбаев және "Жас сарбаз" республикалық әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев сөз сөйледі. Олар жас ұрпаққа ел игілігі жолында адал қызмет етуге тілектестігін білдірді.



«Қазір өзімнің жас сарбаз, жас теңізші екенімді мақтан тұтамын. Бәрінен де әскери-теңіз базасына барғанымыз қызықты өтті. Болашақта Отанымды қорғап, әскери қызметші болуды  армандаймын», – деді алған әсерімен бөліскен №22 орта мектептің 9 сынып оқушысы Елдос Сүлеймен.



Іс-шара барысында жас патриоттарға «Маңғыстау» зымыранды-артиллериялық кораблін аралатты. Әскери теңізшілер оның құрылысы мен мүмкіндіктері туралы айтып, құрал-жабдықтарын, каюталары мен қару-жарақтарын көрсетті.


Әскери-Теңіз күштерінің матростары өздерінің мерзімді қызмет тәжірибесімен бөлісіп, күнделікті жұмыс күндері мен оқу-жауынгерлік қызметі қалай өтіп жатқанын айтты. 


Қазіргі уақытта «Жас сарбаз» республикалық қоғамдық бірлестігі 7000-нан астам әскери-патриоттық клубтың басын қосты. Олардың 100-ден астамы әскери бөлімдердің жанында орналасқан. Жалпы қамтитын бала саны 2600-ден асады. Бұған 230 000-нан астам тәрбиеленуші баланы қамтитын «Жас сарбаз» сыныптары мен Smart Sarbaz үйірмелері де кіреді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #Қазақстан #сарбаз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның су дипломаттары Еуропа мен Қытайда білім алып жатыр

Бүгін 15:21

2026 жылы әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер 10%-ға артты

Бүгін 14:59

Ардагер волейболшылар Абу-Дабиден жүлдемен оралды

Бүгін 14:52

Қазақстан Таяу Шығыстағы өз азаматтарын эвакуациялауға дайын

Бүгін 14:33

Алматыда домбырашылар референдумға арнап күй шығарды

Бүгін 14:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі