Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандағы АХАТ қызметіне 105 жыл: өмірлік оқиғ...

Қазақстандағы АХАТ қызметіне 105 жыл: өмірлік оқиғаларды тіркеу қалай цифрландырылды

Әлеумет Бүгін 10:54 21
Қазақстандағы АХАТ қызметіне 105 жыл: өмірлік оқиғаларды тіркеу қалай цифрландырылды
gov.kz

2026 жылы Қазақстандағы азаматтық хал актілерін тіркеу қызметіне 105 жыл толады. Бір ғасырдан астам уақыт ішінде өмірлік маңызды оқиғаларды тіркеу жүйесі қағаз кітаптардан цифрлық сервистерге дейін дамыды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстандағы АХАТ жүйесі елде және ТМД кеңістігінде алғашқылардың бірі болып қызметтерін электрондық форматқа көшіруді бастады. Ғасырдан астам уақытта жинақталған миллиондаған акт жазбасы цифрлық жүйеге енгізіліп, өмірлік маңызды мәліметтер электрондық сервистер арқылы қолжетімді болды. Нәтижесінде азаматтар құжат көшірмесін алу немесе некені тіркеу қызметін елдің кез келген өңірінде рәсімдей алады.

Бүгінде АХАТ жүйесі елдің барлық өңірін қамтиды. Қазақстан бойынша 200-ден астам бөлімде 800-ден аса қызметкер еңбек етеді. Олардың жұмысының ауқымы да айтарлықтай. Мәселен, 2025 жылы елімізде 330 мыңнан астам туу және 110 мыңнан астам неке тіркелді. Биыл да оң динамика сақталып отыр: жыл басынан бері 50 мыңға жуық туу және 14 мыңға жуық неке рәсімделген.

Сонымен қатар қазіргі АХАТ жүйесі тек цифрлық қызметтермен ғана шектелмей, салтанатты тіркеу дәстүріне де ерекше мән береді. Мәселен, 2025 жылы еліміз бойынша 5 мыңға жуық салтанатты неке және 400-ден астам салтанатты туу тіркеуі өткізілді.

«105 жыл ішінде АХАТ жүйесі қағаз құжаттардан заманауи цифрлық қызметтерге дейінгі үлкен даму жолынан өтті. Бай тәжірибені жаңа технологиялармен ұштастыра отырып, біз жүйені одан әрі жетілдіруді жалғастырып келеміз. Бүгінде баланың туу туралы куәлігін проактивті түрде рәсімдеуге, ал мобильді қосымшалар арқылы некені тіркеуге өтініш беруге мүмкіндік бар. Қазіргі қарқынды өмір ырғағында мұндай жаңашылдықтар азаматтардың уақытын үнемдеп, мемлекетпен өзара іс-қимылды жеңіл әрі ыңғайлы етеді», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

АХАТ жүйесінің 105 жылдығына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, сала қызметкерлерінің еңбегі атап өтілді. Республика бойынша 44 қызметкер «Мемлекеттік корпорацияға 10 жыл» төсбелгісімен марапатталды. 20 маман Мемлекеттік корпорация Басқарма төрағасының алғыс хаттарын алды. Сондай-ақ 26 қызметкер құрмет грамоталарымен марапатталды. Оның ішінде 5 қызметкер ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің, ал 21 қызметкер Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитетінің басқарма төрағасының марапаттарына ие болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АХАТ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алғыс айту күні: Алматыда зағип жандарға тегін көз тексерісі ұйымдастырылды

Бүгін 12:23

Жыр алыбына тағзым: Жамбыл рухы жаңғырған кеш

Бүгін 12:08

Алматыда Еріктілер жылы – 2026 салтанатты түрде ашылды

Бүгін 12:00

Қазақстанда әйелдер саны артты: көш басында - Алматы

Бүгін 11:48

Дәрігерлік жолындағы 30 жылында еңбек кітапшасында тек екі жазба ғана бар

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі