AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Қазақстанда зейнетақы реформасын жасаған Дәулет Се...

Қазақстанда зейнетақы реформасын жасаған Дәулет Сембаев дүниеден озды

Тұлға 15.11.2021, 05:23 1,377
Қазақстанда зейнетақы реформасын жасаған Дәулет Сембаев дүниеден озды
Сурет: Inform.kz

Танымал қазақстандық қаржыгер, металлург және саясаткер Дәулет Сембаев қайтыс болды


Егемен Қазақстанның алғашқы банкнотында қолтаңбасы бар тұлға бүгін түнде 87 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.


Қаралы хабарды ҚР Ұлттық банкі растады. Ол 1935 жылы 10 тамызда Алматыда дүниеге келді. Тоқсаныншы жылдары Дәулет Сембаев Ұлттық банк төрағасы, премьер-министрдің орынбасары қызметтерін атқарды. Дәулет Сембаев - Қазақстан Президентінің алғашқы экономикалық бағдарламасының қос авторларының бірі. Сондай-ақ, Қазақстандағы ұлттық валютаны енгізуге қатысқан.


Елдегі қазіргі банк жүйесін қалыптастырудың басы-қасында болды. 1958 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтын инженер-металлург мамандығы бойынша бітірген. Осы жылдар ішінде премьер-министрдің орынбасары, 1993-1996 жылдары - Ұлттық банк төрағасы, Сенат депутаты болды.


2009 жылдың желтоқсан айынан бастап Халықаралық бизнес академиясының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі болды. Ораз Жандосов, Григорий Марченко және басқа да еліміздің көрнекті қаржыгерлері өздерін сол кісінің шәкірті санайды. Дәулет Хамитұлы «Құрмет белгісі» (1976), Еңбек Қызыл Ту (1981), «Парасат» (1996) ордендерімен және КСРО-ның екі медалімен марапатталған.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қаржыгер #банк жүйесі #Тұлға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Бүгін 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Бүгін 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Бүгін 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Бүгін 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика