ffin.kz

Қазақстанда ұшу қауіпсіздігі бойынша аймақтық семинары өтті

Қазақстанда ұшу қауіпсіздігі бойынша аймақтық семинары өтті Сурет: Gov.kz

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі (ҚАӘ) Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (ИАТА) ұшу қауіпсіздігі мен тұрақты даму мәселелеріне арналған аймақтық семинары өткізді.

Семинардың ашылуында Азаматтық авиация комитетінің Төрағасы Салтанат Томпиева мен ҚАӘ бас директоры Каталин Раду құттықтау сөз сөйледі. Олар өз сөзінде ИАТА-ның Еуропа бойынша өңірлік Вице-президенті Рафаэль Шварцман мырзаға аймақтық шараны Қазақстанда ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді. Вице-президент бастаған көптеген ИАТА сарапшыларының қатысуымен бұл семинар Қазақстанда алғаш рет өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Семинарға авиациялық билік органдарының 70-тен астам мамандары, сондай-ақ 7 елдің – Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Өзбекстан және Қазақстаннан әуекомпаниялардың, әуежайлардың, аэронавигациялық қызмет провайдерлерінің және жанармай жеткізушілерінің авиациялық қауіпсіздік және тұрақтылық жөніндегі сарапшылары қатысты (Aeroflot, Azeraeronavigation, Azerbaijan Airlines, Air Astana, Berkut, Centrumair, FlyArystan, Qazaq Air, SCAT, Prime Aviation, Халықаралық әуежай Алматы, Халықаралық әуежай Ақтау, Халықаралық әуежай Нұрсұлтан Назарбаев, «ҚазМұнайГаз-Аэро», «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы, Uzbekistan Airways, Qanot Sharq, TezJet, United Airports of Georgia).

Семинар ұшу қауіпсіздік, жерде қызмет көрсету және авиация саласындағы тұрақтылық салаларындағы соңғы трендтер мен озық тәжірибелерді талқылауға бірегей мүмкіндік берді. Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша семинарды Жанат Абдугалимов және тұрақты даму мәселелері бойынша Жанна Шек жүргізді. Семинар бағдарламасына ИАТА жетекші сарапшылары (Джанкарло Буоно – Еуропадағы ұшу қауіпсіздігі және ұшуды ұйымдастыру директоры, Сергей Балонусковс – аймақтық сыртқы байланыстар және тұрақты даму бөлімінің аға менеджері, Малвин Тан – коммерциялық отын бөлімінің басшысы, Леа Хуаннин – менеджер климаттың өзгеруі саясаты), азаматтық авиация саласының отандық сарапшылары мен ҚАӘ өкілдері, интерактивті талқылаулар және авиация саласындағы әріптестермен байланыс орнату мүмкіндіктері болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:15

19:44

19:17

18:45

18:09

17:15

17:06

16:49

16:26

16:15

16:12

15:51

15:35

15:13

14:11

14:10

12:59

12:57

12:39

12:37

12:16

11:59

11:39

11:26

11:11