AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді

Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді

Әлеумет 01.08.2025, 12:47 645
Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді
Өңірлік коммуникациялар қызметі

1 тамыздан бастап елімізде ауыл шаруашылығының санағы өтпек

Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді.  Оның бірінші кезеңі 1-31 тамыз аралығында онлайн режимде өтіп, екінші кезеңі 20 қыркүйекте басталмақ. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы Дархан Исаев санақтың Алматыда қалай өткелі жатқанын айтты. 

Санақ –  ауыл шаруашылығы саласын бағалауға мүмкіндік беретін, оның жай-күйі туралы нақты ақпарат алатын үлкен зерттеу. Ол БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының 10-шы әлемдік ауыл шаруашылығы санағын жүргізу бағдарламасының аясында қолға алынды. Яғни, халықаралық стандартқа сай өтіп, цифрлық технологиялар қолданылады.

«Алматы аграрлық аймақтың қатарына жатпаса да, қалада ауыл шаруашылығына қатысы бар 1000-нан астам кәсіпорын мен шамамен 2400 жеке шаруашылық, фермерлік қожалықтар, сондай-ақ өсімдік шаруашылығымен, мал шаруашылығымен, балық шаруашылығымен ресми түрде айналысатын жеке кәсіпкерлер тіркелген. Олардың көбі қаланың маңында, көрші облыстарда жұмыс істегенімен, Алматы қаласында тіркелгендері осы санаққа қатысады», - деп толықтырды Дархан Исаев.

Дархан Исаевтың айтуынша, Алматыдағы барлық нысан онлайн форматта санаққа қатысуы тиіс. 28 шілдеден бастап 1414 нөмірінен SMS-хабарлама келіп, оларды sanaq.gov.kz порталында санаққа қатысуға шақыра бастайды.

Порталға тіркелуге ЭЦП, SMS немесе eGovMobile қосымшасындағы QR-кодты қолданып, оған кірген соң 2-СХП/КФХ анкетасын толтырады. Бұл анкета жерді пайдалану туралы ақпаратты, техникалық құралды, инфрақұрылымды, мал басын, өнімді өндіру мен өткізуге байланысты бүкіл мәліметті қамтымақ.

Сайтқа кірген адамға жөн сілтеп отыратын нұсқаулық та,  тәулік бойы жұмыс істейтін SANAQ мырза дейтін чат-бот та бар. Анкетаның толтырылған бөлігін сақтап, қалғанын кейін асықпай толтырсаңыз да болады. 

Санаққа қатысатын адамның интернеті болмай, компьютерге қолы жетпей жатса, статистика департаментінде, ветеринарлық қызмет пен аудан әкімдіктерінде қызмет көрсететін арнаулы пункттер де бар. Қалада қажетті техникамен жабдықталған осындай бес пункт жұмыс істейді.  

Спикер барлық анкетада көрсетілген ақпараттың құпия сақталатынын және «Мемлекеттік статистика туралы» Заңмен қорғалғанын атап өтті. Ақпаратты салық органдарына, полицияға немесе басқа да мемлекеттік құрылымдарға бермейді, статистикалық талдауға ғана пайдаланады. Барлық сұқбатшылар мәліметті жарияламайтыны туралы міндеттеме алады, ақпаратты сақтау жүйесінің өзі ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сай жұмыс істейді.

Шұғыл қолдау көрсету үшін тамыз айында 1446 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығы да жұмыс істейді, санақтың арнаулы желісі де ашылған.

Санақтың алдын ала шыққан алғашқы қорытындысы 2025 жылдың желтоқсанында жарияланып, түпкілікті қорытынды 2026 жылы бір-ақ шығады. Бұл мәліметтер ауыл шаруашылығының жағдайын талдап, мемлекеттік қолдау көрсетіп, инфрақұрылым салып, өнімді сақтау мен өңдеуді жоспарлауға, сондай-ақ осы салаға субсидия бөлуге негіз болмақ.

«Алматы қаласының барлық ауыл шаруашылығы нысандарын санаққа қатысуға шақырамын. Бұл көп уақыт алмайды, бірақ сіз санаққа қатысу арқылы осы саланың дамуына атсалысасыз», - деп қосты Дархан Исаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Дархан Исаев #санақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Наурыз шоу»: Қазақ мемлекеттік циркі алматылықтарға бірегей бағдарлама ұсынды

Бүгін 20:58

Алматыда Абай алаңында түркі халықтарының қолөнері таныстырылды

Бүгін 20:15

Тазару күні әскерилер гарнизондарда экологиялық бастамалар өткізді

Бүгін 20:06

Алматыдағы Абай алаңында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жалғасып жатыр

Бүгін 19:56

Концерттен кейін – тазалық жұмыстары: алматылық еріктілер Астана алаңында сенбілік өткізді

Бүгін 19:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика