Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Нарық / Қазақстанда сүт саласындағы көлеңкелі айналыммен к...

Қазақстанда сүт саласындағы көлеңкелі айналыммен күрес басталмақ

Нарық 19.07.2021, 12:41 2,080
Қазақстанда сүт саласындағы көлеңкелі айналыммен күрес басталмақ
Сурет: Ddl.rs

Осы мақсатта сүт өнімдерін цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жоба іске асырыла бастады.


Қазақстан үкіметі сүт саласындағы сапасыз өнімдермен күрес жұмысын бастамақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Мамандардың айтуынша, бұл күрестің негізгі құралына цифрлық таңбалау жатады. Қазақстанда сүт өнімдерін міндетті цифрлық таңбалауды енгізу 2022 жылға жоспарланып отыр. Сүт саласындағы көлеңкелі айналым 13% - ды құрайды, бұл Қазақстанда сатылатын әрбір сегізінші сүт өнімі тұтынушының денсаулығы үшін қауіп төндіретінін білдіреді. 


«Біріншіден, Data Matrix коды мерзімі өткен тауарлардың кассалық шығарылымын блоктайды, дүкендер мен дистрибьюторлар цифрлық кодтағы жарамдылық мерзімі туралы ақпаратты өзгерте алмайды. Екіншіден, таңбаланған өнімді сатып алушы Naqty Onim мобильді қосымшасының көмегімен өндірушіге және мемлекеттік органдарға бұзушылықтар туралы сигнал бере алады. Үшіншіден, крипто-қорғаныс және цифрлық кодты қолдан жасай алмау өнімнің өзін де жалған жасауға мүмкіндік бермейді. Бұл шаралар нарықты «ағартуға» және қазақстандық тұтынушыны сапасыз өнімдерден қорғауға көмектеседі», – делінген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 


Сонымен қатар, мамандардың айтуынша,таңбалау процесі тауарларды өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін бақылауды арттырады, өйткені өнімнің барлық логистикасы таңбалау жүйесінде көрінеді. Жүйе әр қаптама үшін Data Matrix кодын жасайды. 


Бұл ретте өнімнің бөлшек сауда бағасында таңбалауға арналған жабдыққа өндіруші шығындарының үлесі 0,06-дан 0,15% - ға дейін құрайды. Мәселен, бір желі үшін таңбалау жабдығының құны кәсіпорынның көлеміне және өнім түрлеріне байланысты 0,5-тен 9,2 млн теңгеге дейін түрленеді.

Айта кетейік, 2021 жылғы 1 маусымнан бастап Ресейде және 8 шілдеден бастап Беларуссияда сүт өнімдерін, атап айтқанда балмұздақ пен ірімшіктерді міндетті цифрлық таңбалау енгізілді. Сондықтан Қазақстанда тауарларды Data Matrix кодымен таңбалау отандық өндірушілерді қорғау және елдің сүт саласының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін маңызды факторға айналуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сүт #молоко #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика