Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда су тасқыны қаупі бар автожол учаскелер...

Қазақстанда су тасқыны қаупі бар автожол учаскелері тәулік бойы күзетіледі

Әлеумет 22.02.2022, 11:28 1,367
Қазақстанда су тасқыны қаупі бар автожол учаскелері тәулік бойы күзетіледі
Сурет: Inbusiness.kz

Қар мен мұздан тазарту жұмыстары басталды.


Индустрия министрлігі су тасқыны кезеңіне дайындықты бақылауды күшейтті. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында ведомство басшысы Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Министр автомобиль жолдарын су тасқыны кезеңіне дайындау аясында арнайы іс-шаралар жоспары бекітілгенін айтты», - делінген Индустрия министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 



Оған су тасқыны қаупі бар учаскелерді күнделікті тексеру, жүру бөлігін, жол жиектерін, су өткізу құбырларының тесіктері мен арналарын қар мен мұздан тазарту, су тасқынына қарсы және авариялық жұмыстарды жүргізу үшін жол және инертті материалдарды дайындау жұмыстары кіреді.



«Жолдарға тәулік бойы кезекшілік ету және патрульдеу ұйымдастырылды, су өткізу құбырлары мен көпір асты аймақтарының арналарын қар мен мұздан тазарту басталды. 278 қауіпті учаске, 84 көпір және 883 су өткізу құбыры ерекше бақылауда. Оларға 700-ден астам жол-пайдалану техникасы бекітілген. Су тасқынына қарсы шараларды орындау кезінде өңірлердің климаттық жағдайлары, сондай-ақ өткен жылдардағы су тасқыны кезеңінің нәтижелері ескеріледі», - деп баяндады Қайырбек Өскенбаев.



Су тасқыны қаупін жою үшін, министрдің мәліметінше, қазіргі уақытта материалдардың 80%-ы, оның ішінде 4 мың текше метр құм, 7 мың текше метр тас, 20 мың текше метр қиыршық тас, 50 мың қап және 434 тонна ЖЖМ дайындалды.


Ведомство басшысы су тасқыны қаупі бар учаскелердегі автожолдарды қайта құру және жөндеу барысында жұмысшылар су өткізетін құбырлардың көп мөлшерін орнататынын немесе олардың диаметрін арттыратынын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су тасқыны #дайындық #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Кеше 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Кеше 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Кеше 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика