Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда сирек кездесетін ауруларға бөлінетін қ...

Қазақстанда сирек кездесетін ауруларға бөлінетін қаржы 23 есе артты

Әлеумет 28.02.2026, 16:25 198
Қазақстанда сирек кездесетін ауруларға бөлінетін қаржы 23 есе артты

28 ақпан – Халықаралық сирек кездесетін аурулар күніне орай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі маңызды мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі. Соңғы жылдары орфандық дерттерді емдеуге бөлінетін қаржы көлемі 23 есеге өсіп, рекордтық деңгейге жеткен.

Ведомствоның дерегінше, сирек кездесетін ауруларға шалдыққан азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамту мемлекет назарындағы басым бағыттардың бірі.

– 2019 жылы бұл мақсатқа 7,5 млрд теңге бөлінсе,

– 2025 жылы қаржыландыру көлемі 175,4 млрд теңгеге дейін артқан.

Жалпы соманың 60 пайызы республикалық бюджет есебінен өтеледі. Қалған бөлігі жергілікті бюджеттер мен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен қаржыландырылады.

Қазір ел бойынша сирек диагнозы бар 73 мыңға жуық науқас тіркелген. Оның шамамен 14 мыңы – балалар. Мамандардың айтуынша, мұндай дертке шалдыққандар жалпы пациенттердің 3 пайызынан аспайды. Соған қарамастан, амбулаториялық дәрі-дәрмек шығындарының жартысына жуығы осы санаттағы науқастарға жұмсалады.

Сонымен қатар, халықаралық талаптарға сай орфандық аурулардың тізімі алғаш рет жаңартылды.

Жаңа орфандық препараттарды іріктеу үш кезең бойынша жүргізіледі. Бағалау барысында клиникалық тиімділігі, қауіпсіздігі және фармако-экономикалық негізділігі ескеріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: "Алматының ахуалы тым күрделі"

Бүгін 15:50

Алматыда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына 36 мыңнан астам тұрғын қатысты

Бүгін 15:44

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Алматыда ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:31

Сенбілік барысында Eco Almaty қызметкерлері 25 текше метрден астам қоқыс шығарды

Бүгін 15:02

Бизнес таза қала үшін: Алматыда «Алатау» АЭА АТТ қатысушылары сенбілікке шықты

Бүгін 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика