Қазақстанда сегіз жаңа кәсіби мереке пайда болады

Қазақстанда сегіз жаңа кәсіби мереке пайда болады Сурет: Gov.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 8 жаңа кәсіби мерекені бекітуді жоспарлап отыр.


Ведомство басшысы бұйрығының тиісті жобасы дайындалып, «Ашық НҚА» порталында орналастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Атап айтқанда, кәсіби мерекелердің тізбесін мына айтулы күндермен толықтыру көзделеді:


- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 7 сәуір;


- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні – 16 сәуір;


- Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр;


- Ветеринариялық қызметкер күні – 10 шілде;


- Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;


- Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру қызметкерлері күні – 1 қазан;


- Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан;


- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша.


Жаңа кәсіби мерекелерді енгізу туралы ұсыныстарға тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бастама жасады.


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Кәсіби мерекелер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15008211.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21

15:17