Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда қосымша құн салығына қатысты тәртіп өз...

Қазақстанда қосымша құн салығына қатысты тәртіп өзгерді

Әлеумет 19.04.2022, 07:25 1,315
Қазақстанда қосымша құн салығына қатысты тәртіп өзгерді
Сурет: Inbusiness.kz

Өзгерістер 14 сәуірден бастап күшіне енді.


Қосымша құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қаржы министрлігінің хабарлауынша, ондағы негізгі өзгерістер қосылған құн салығын оңайлатылған қайтару кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін енгізуге қатысты. Бұл «сұр» схемаларды қолдану нәтижесінде қосылған құн салығының асып кетуін қайтару мүмкіндігін жояды.



«Бұған дейін, БАҚ-та құн салығының асып кетуін қайтарудың жаңа қағидалары бизнес-қоғамдастықпен талқылаусыз қабылданғандығы және Салық кодексінің нормаларына қайшы келетіні туралы ақпарат жарияланған болатын. Онда салық төлеушілер құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібі құқығынан айырылатыны атап өтілген. Қаржы министрлігі жаңа қағидалар Салық кодексінің 136 және 429-баптарына сәйкес әзірленгенін және экспорттаушылар мен салық төлеушілердің басқа санаттарына құн салығын қайтару бойынша бюджетпен өзара қарым-қатынастарды реттейтінін хабарлайды. Өзгерістер биылғы 14 сәуірден бастап күшіне енді», - делінген ведомствоның хабарламасында.



Актіні әзірлеу кезінде бизнес-қауымдастықтың ескертулері мен ұсыныстары ескерілген. 2022 жылғы 25 қаңтар мен 8 ақпан аралығында бұйрық жобасы жария талқылау үшін legalacts.egov.kz сайтына орналастырылды. Барлық ескертулер мен ұсыныстарға негізделген жауаптар да берілді. Тиісінше, нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізудің барлық рәсімдері мен мерзімдері сақталған.



«Жаңа қағидаларға сәйкес, енді тексерулер барысында өзара байланысты тараптар арқылы жеткізушілермен өзара есеп айырысуларға талдау жүргізілетін болады, бұл сұр схемаларды қолдану нәтижесінде пайда болатын құн салығының асып кетуін қайтару мүмкіндігін жояды. Сондай-ақ тексерулердің практикалық тәжірибесіне сүйене отырып, қағидаларға мәтіндік тұжырымдардың орнына есептеудің математикалық формулалары енгізілді. Формулалар заңнама нормаларын қолданудың біркелкі практикасын енгізуге ықпал етеді және соманы дұрыс анықтамау қаупін, тексерушінің субъективті бағасын жояды», - деп жазылған министрліктің хабарламасында.



Бұдан басқа, бұрын қолданыста болған 15 теріс өлшемшарт 12-ге дейін қысқартылды, адал өндірушілерді қолдауға бағытталған қосымша 12 оң өлшемшарт енгізілді. Оны есептеу тәртібі де жетілдірілді, егер бұрын тәуекел фактісі үшін теріс балл берілсе, жаңа қағидалар бойынша баллдар тәуекел ауқымы бойынша беріледі. Осылайша, ведомство жаңа қағидалар оң салық тарихы бар адал өндіруші кәсіпорындарды ынталандыратынына және бизнестің барлық қатысушыларына тең жағдай жасауға ықпал ететініне сенімді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#салық #Налоги #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Корея президентінің арнайы өкілін қабылдады

Бүгін 15:32

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

Бүгін 15:30

Алматыда тарихи матч: әуесқойлар мен алып клубтың кездесуі

Бүгін 15:26

"Енді қаңғыған иттер жүрмейді". Мәжілісте бұралқы ит иелерінің жауапкершілігі қалай күшейтілетіні түсіндірілді

Бүгін 15:02

Жаркентте автотұрақтағы көлікте жалаңаш отырған екі ер адам видеоға түсіп қалды

Бүгін 14:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика