AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда қазақ пен қырғызға ортақ өзендер бойын...

Қазақстанда қазақ пен қырғызға ортақ өзендер бойында 3 су қоймасы салынады

Әлеумет 11.04.2022, 06:01 1,442
Қазақстанда қазақ пен қырғызға ортақ өзендер бойында 3 су қоймасы салынады
Сурет: 24.kz.

Бұл мәселе Қазақстан Үкіметінің ерекше бақылауында.


Жамбыл облысы аумағында трансшекаралық өзендер бойында су қоймасын салу мәселесі Үкіметтің ерекше бақылауында. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



 «Жамбыл облысы аумағында трансшекаралық өзендер бойында су қоймаларын салу қажеттігі («Ақмола», «Қалғұты», «Ырғайты») - суды үнемді пайдалану есебінен өнімділікті арттыру жөніндегі стратегиялық міндетті іске асырудағы 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы іс-шараларының бірі. Жоба бойынша 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау аясында жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 243,4 млн теңге сомасына тиісті бюджеттік өтінім қаралып жатыр», - деп атап өтеді Үкімет басшысы. 



Оның айтуынша, жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асыру өңірдегі ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға және тұтастай алғанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын ескере отырып, мәлімделген шығыстар бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес басым тәртіппен қаралады. 



«Жалпы, Жамбыл облысы аумағында трансшекаралық өзендер бойында су қоймасын салу мәселесі Үкіметтің ерекше бақылауында», - деді Әлихан Смайылов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#су #қойма #Қазақстан #қырғызстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «БАЛА ӘЛЕМІ» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті

Бүгін 20:20

Алматының медициналық ұйымдарында Балаларды қорғау күніне орай 400-ге жуық бала құттықталды

Бүгін 19:11

Зейнолла Ыдырысов Challenge Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды

Бүгін 18:25

Бибісара Асаубаева Norway Chess Women-де тағы көшбасшы болды

Бүгін 18:22

Алматының «Шығыс қақпасы» полиорталығында бірегей қоғамдық кеңістік құру жоспарланып отыр

Бүгін 18:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);