Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Қазақстанда қазаннан бастап не өзгереді?

Қазақстанда қазаннан бастап не өзгереді?

Барлығы 30.09.2025, 10:27 514
Қазақстанда қазаннан бастап не өзгереді?
сурет: Бахыт Сарсембаева

Күздің екінші айына да аяқ бастық. Қазақстандықтарды қазан айында қандай жаңалықтар күтіп тұр? Аqshamnews.kz тілшсінің материалынан біліңіз. 

Digital Bridge 2025 және Павел Дуровтың келуі

2–4 қазанда Астанада халықаралық Digital Bridge 2025 форумы өтеді. Бұл Орталық Азиядағы ең үлкен IT оқиғасы болмақ. Форумға әлемнің 100 елінен қатысушылар келеді.

2 қазанда Telegram негізін қалаушы Павел Дуров alem.ai жасанды интеллект халықаралық орталығын ашу үшін Қазақстанға келеді. Шараға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, БАӘ жасанды интеллект министрі Омар Сұлтан әл-Олама және Стэнфорд профессоры Илья Стребулаев қатысады.

сурет: digitalbridge.kz

Мүлік салығын төлеп үлгеріңіз...

1 қазан - мүлік салығын төлеудің соңғы күні. Жеке тұлғалар осы күнге дейін салықтарын төлеп үлгеруі керек. Уақытында төлемеген жағдайда 2 қазаннан бастап борышкер саналасыз. Қарыз көлемі 1 АЕК-тен асса, 30 жұмыс күнінен соң сот орындаушылары шара қолдана алады: шотты бұғаттау, шетелге шығуды шектеу.

Салық берешектерін e-Salyq Azamat қосымшасы, eGov.kz, банкоматтар және банктер арқылы төлеп үлгеруіңізге болады. 

сурет: gov.kz

Саяхатшылар үшін тың жаңалық

1 қазаннан бастап 21 жасқа толмағандар Шарм-эль-Шейхке тек ата-анасымен немесе нотариалды сенімхат арқылы бара алады. Ол үшін туу туралы куәлік, паспорт қажет болады. Сенімхат орыс тілінде де жарамды.

Ал 29 қазанда SCAT әуе компаниясы Актаудан Шарджаға (БАӘ) тікелей рейс ашады. Ұшақ аптасына екі рет ұшатын болады. 

сурет: toping.uz

Алматылықтарды ерекше спорт және мәдени шаралар күтіп тұр

21 қазанда алматылық команда өз алаңында Кипрлік "Пафоспен" ойнайды. Басталуы - 21:45-те. Билеттер ресми сайтта матчқа жақын күндері сатылымға шығады. 

Ал әйгілі Andrea Bocelli-дің концертін 28 қазан, Almaty Arena-дан тамашалауға болады (билеттер 45 000 тг-ден басталады). SABATON -ның кеші 10 қазан, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында (25 000 тг-ден бастап) болады. 

сурет: Getty Images

Қазанда қанша күн демаламыз?

25 қазанда еліміз Республика күнін атап өтеді. Ресми демалыс дүйсенбі, 27 қазанға ауыстырылғандықтан 25–27 қазан аралығында үш күндік демалыс болады. Ел бойынша түрлі концерттер, шеру, спорттық шаралар өтеді.

Жалпы қазан айында тағы да бірқатар кәсіби мерекелер бар:

  • 5 қазан - Мұғалімдер күні

  • 1 қазан - Жоғары білім қызметкерлері күні

  • 10 қазан - Кәсіподақ күні және басқа да салалық даталар атап өтіледі. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазан #өзгеріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мүгедектігі бар 90 мыңнан астам қазақстандық республикалық референдумда қолайлы жағдайда дауыс бере алады

Кеше 19:31

Референдум-2026: зағип жандар дауыс беру учаскелерінде жаңа Конституцияның аудио нұсқасына қол жеткізе алады

Кеше 19:30

Республикалық референдумға дайындық: мүгедектігі бар адамдар үшін учаскелердің қолжетімділігі қамтамасыз етіледі

Кеше 19:29

Қазақстандағы референдумды 38 елден және 11 халықаралық ұйымнан келген 359 байқаушы байқайтын болад

Кеше 19:28

 400-ге жуық адам Sirius Energy қаржы пирамидасының құрбаны болды

Кеше 17:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика