Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қазақстанда "Прокуратура туралы" заң жобасы әзірле...

Қазақстанда "Прокуратура туралы" заң жобасы әзірленді

Заң мен тəртіп 14.06.2022, 05:09 1,562
Қазақстанда "Прокуратура туралы" заң жобасы әзірленді
Сурет: Egemen.kz

ҚР Бас прокуратурасы «Прокуратура туралы» Конституциялық заң жобасын әзірледі.


Заң жобасы прокуратураның құқық қорғау әлеуетін күшейтуге және жоғары қадағалау органын жаңғыртуға, прокурорлар қызметінің кепілдіктерін нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Заң жобасында заңдылықты сақтауды неғұрлым тиімді қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, бизнестің, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға және қалпына келтіруге мүмкіндік беретін пәрменді құралдар мен тетіктерді бекіту ұсынылады.


Прокуратура адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің жоғары құндылықтары ретінде қорғау, заңның үстемдігін қамтамасыз ету және ҚР аумағында заңдылықты нығайту мақсатында келесі міндеттерді жүзеге асырады:



  • Адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау және қалпына келтіру;

  • Заңның бұзылуын, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарларын анықтау және жою;

  • Құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың заңды, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіру;

  • Заңдармен және ҚР Президентінің актілерімен айқындалатын өзге де міндеттер.


Прокуратура органдарына жүктелген міндеттер:



  • Заңдылықты жоғары қадағалау:

  • Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелердің, кәсіпкерлік субъектілерінің және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың қызметі, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдер;

  • Лауазымды және өзге де адамдардың, оның ішінде сот орындаушылары мен нотариустардың іс-әрекеттерінің (әрекетсіздіктерінің), сондай-ақ олар қабылдайтын, күшіне енген актілер мен шешімдердің;

  • Әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу;

  • Сотқа дейінгі тергеп-тексеру, қылмыстық қудалау, жедел іздестіру және қарсы барлау қызметі;

  • Атқарушылық іс жүргізу;

  • Заңды күшіне енген сот актілерінің тізбесі;

  • Қылмыстық жазаларды орындау және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолдану;

  • Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу;

  • Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін сақтау;

  • Азаматтардың құқықтары мен бостандығын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қозғайтын қоғамдық қатынастардың өзге де салалары;


Сонымен қатар прокуратураның құзыретіне мыналар кіреді:



  • Сотта мемлекет мүддесін білдіру;

  • Сотқа дейінгі тергеу, қылмыстық қудалау;

  • Қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық ынтымақтастық;

  • Қылмыстық жолмен алынған кірістерді қылмыстық процестен тыс қайтару мәселелері бойынша шетелдік және халықаралық (мемлекетаралық) соттарда, шетелдік және халықаралық аралық соттарда (төреліктерде) мемлекеттің мүдделерін білдіру;

  • Заң шығару қызметіне қатысу;

  • Құқық қорғау органдары кадрларын даярлау және олардың кәсіби деңгейін арттыру, сондай-ақ білім беру және ғылыми қызмет;

  • Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге және қорғауға жәрдемдесу шеңберінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен өзара іс-қимыл жасау.


Заң жобасында прокуратура органдарының өз функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде олардың қызметіне қандай да бір араласуға тыйым салынады делінген.


Заң жобасын қабылдау 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттен прокуратура қызметінің құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға 18 754,5 мың теңге қосымша қаржы шығындарын талап етеді.


Құжат 7 шілдеге дейін Ашық НҚА сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бас прокуратура #Заң жобасы #құқық қорғау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Кеше 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Кеше 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Кеше 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Кеше 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Кеше 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика