AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда параспортшылар туралы фильм прокатқа ш...

Қазақстанда параспортшылар туралы фильм прокатқа шығады

Әлеумет 26.02.2022, 09:45 1,742 Almaty-akshamy
Қазақстанда параспортшылар туралы фильм прокатқа шығады
Cурет: Inform.kz

Фильм қалың жұртшылықтың назарына биыл 21 сәуірде ұсынылмақ


Отандық кинотуындының қатары тағы бір фильммен толықпақ. Биыл сәуірде «Паралимпиец» фильмі жарыққа шығады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Щучинскіде «Паралимпиец» фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Айтулы шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қатысты.



«Параспортшылар туралы фильм түсіру идеясы 2018 жылы Кореяда өткен паралимпиада ойындарынан кейін келді. Белгілі болғандай паралимпиадашыларға аса мән берілмейтіні байқалды. Паралимпиадашылардың тағдыры мен спорттағы еңбектері туралы қоғамның хабары аз. Бұл мәселе мені бей-жай қалдырмады. Фильм сюжеті шынайы өмірден алынған. Алдымен паралимпиадашылармен кеңесіп, ақпарат жинадық. Мотивациялық фильм. Жалпы қазіргі отандық фильмдердің дені комедия жанрына жатады. Осы тұрғыда біз өмірлік мәні бар, адамдарға ерік-жігер беретін туынды жасағымыз келді», - деді фильм режиссері Алдияр Байракимов.



Оның айтуынша, аталған фильмде бірнеше кино жанрынан үзінді бар. Оның ішінде драма, экшн, комедия және тағы басқа.



«Параспортшылар өте жігерлі адамдар. Әр параспортшының өз тарихы бар. Фильмді түсіру барысында біз тікелей кәсіби паралимпиадашылармен жұмыс істедік. «Паралимпиец» Қазақстанда паралимпиадашылар туралы түсірілген алғашқы фильм. Тағы бір жайт, көпшілік үшін деректі фильм емес, көркем туынды етуге тырыстық», - дейді ол.



Фильмдегі басты рөлді жас актер Асқар Ілиясов сомдайды. Түсірілім Алматы және Щучинск қаласындағы қысқы спорт нысандарында өтті.
Ал қалың жұртшылықтың назарына биыл 21 сәуірде ұсынылмақ.



«Жоспар құрғанда басты рөлге әртіс емес шынайы параспортшыны түсіруді ойладық. Сөйтіп 3 кастинг өткіздік. Нәтижесінде кәсіби әртістің керектігін түсіндік. Себебі басты рөлді сомдау оңай емес және параспортшыға қиынға соғатын болды. Дегенмен фильмнің ішінде нағыз паралимпиадашылар да бар», - деді фильм авторы.



Одан бөлек, режиссер алдағы уақытта «Паралимпиец» фильмін кино саласындағы халықаралық байқауларға қатыстырып, бағын сынайтынын айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#фильм #Параспорт #режиссер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);