AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда оқ-дәрі қоймаларында орын алған оқиғал...

Қазақстанда оқ-дәрі қоймаларында орын алған оқиғалардың салдарын жою жұмыстары қайта басталады

Әлеумет 28.03.2022, 07:20 1,279
Қазақстанда оқ-дәрі қоймаларында орын алған оқиғалардың салдарын жою жұмыстары қайта басталады
Сурет: Gov.kz

Жою жұмыстары биылғы қараша айының соңына дейін жалғасады. 


Қазақстандық мамандар оқ-дәрі қоймаларында болған оқиғалардың салдарын жою жұмыстарын жандандыратын болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Қарулы Күштердің инженерлік-саперлік бөлімшелері биылғы жылдың 28 наурызынан бастап Арыстағы және Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймаларында орын алған оқиғалардың салдарын жою жұмыстарына кіріседі», - делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Аталған шаралар «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде жүргізіледі.


Арыс қаласында жару жолымен жойылатын оқ-дәрі қалдықтары қоймалардың техникалық аумағынан арнайы жабдықталған полигонға жеткізіледі.


Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрі қоймасының аумағында оқ-дәрі қалдықтарын жоюға арналған орын жабдықталған. Ал қалған бөлігі арнайы полигондарға шығарылып, жойылады.


Жалпы, осы жұмыстарға 650-ден астам әскери маман тартылады. Жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылып отыр.


Арыстағы және Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймаларында орын алған оқиғалардың салдарын жою жұмыстары биылғы қараша айының соңына дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқ-дәрі #Қазақстан #жою жұмыстары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);