AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстанда мұнай-газ саласы үшін 37,7 млрд теңгег...

Қазақстанда мұнай-газ саласы үшін 37,7 млрд теңгеге 15 жаңа өндіріс іске қосылуда

Экономика Бүгін 11:45 66
Қазақстанда мұнай-газ саласы үшін 37,7 млрд теңгеге 15 жаңа өндіріс іске қосылуда
Depositphotos

Қазақстанда мұнай-газ саласында барынша сұранысқа ие түпнұсқа тауарлардың әлемдік және қазақстандық өндірушілерімен бірлесіп 15 жаңа өндірісті локализациялау жұмыстары жүргізілуде. Жобалардың жалпы құны 37,7 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жобалар мұнай-газ саласында сұранысқа ие өнім шығаруды кеңейтуге, жұмыс орындарын ашуға және жергілікті өндірістік құзыреттерді дамытуға бағытталғаны атап өтілді.

«Мұнай-газ саласында барынша сұранысқа ие түпнұсқа тауарлардың әлемдік және қазақстандық өндірушілерімен бірлесіп, 37,7 млрд теңгеге 15 жаңа өндірісті локализациялау жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобаларды жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарын құруды, сондай-ақ ел ішінде қосылған құны жоғары тауарларды өндіру және оларды шығару бойынша құзыреттілікті сатып алуды қамтамасыз етеді»,— деді Ерлан Ақкенженов.

2022–2025 жылдар аралығында Қазақстанда 7,9 млрд теңге сомасына 10 өндіріс локализацияланды, 350-ден астам жұмыс орны ашылды.

Жеке бағыт — халықаралық сертификаттаудан өту кезінде отандық өндірушілерді қолдау.

«Тиісті сертификаттауға жұмсалған шығындарды өтеу шегін 3 000-нан 15 000 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту жұмысы жүргізілді. Бұл отандық кәсіпорындарға 60 млн теңгеге дейінгі мөлшердегі шығындарын өтеп алуға мүмкіндік береді және сәйкесінше қазақстандық өндірушілерге үш ірі оператордың жеткізу тізбегіне шығуға, сондай-ақ өнімдерді шетелге экспорттық жеткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік ашады»,— деді Ерлан Ақкенженов.

Механизм қазірдің өзінде саланың экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етуде: бүгінгі таңда мұнай-газ секторының 7 отандық тауар өндірушісінің Еуропа, Солтүстік Америка және Азия елдерінің нарықтарына өнімді экспорттық жеткізу тәжірибесі бар.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Мұнай-газ #өндіріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мен Қытай жастарды жұмыспен қамту және кәсіби дамыту бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтіп келеді

Бүгін 14:13

«Бәйтерек» ҰИХ экономиканы қолдауға 8,7 трлн теңге бөлді

Бүгін 14:06

Қазақстанда сапалы жоғары білім алу мүмкіндіктері кеңейіп келеді

Бүгін 13:43

Олжас Бектенов отандық кәсіпорындарды қолдауды күшейтуді тапсырды

Бүгін 13:35

Азаматтық құқықтарды қорғау жаңа Азаматтық кодексте одан әрі дамытуды қажет етеді – Елеужан Серімов

Бүгін 13:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);